Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет44/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Пайдаланылған әдебиеттер:



    1. Социальный педагог в школе. Л.Е. Никитина. М., 2003.
      2. Социальный педагог в школе. О.В.Белоусова, О.В.Галстукова; УЦ Перспектива, М.2008.
      3. Методика и опыт работы социального педагога. Ю.В.Василькова. М.,АСАДЕМА. 2004.
      4. Социальный педагог введение в прфессию. Басов Н.Ф., Басова В.М., Кравченко А.Н. М., Академия,2007.
      5. Социальный педагог в образовательном учереждении. Уч.-методическое пособие. М., Педагогическое общество России, 2007.
      6. Методика и технологии работы социального педагога.Под.ред.Г Галагузовой М.А., Мардахаева Л.В.М.,Академа, 2004.

7.Отбасылық өмір психологиясы: оқу құралы / Б.К. Каирова, Д.С.Тойымбетова. – Қостанай: ҚМПИ, 2016. – 144 б.

    1. ЛЕКЦИЯ



  1. Әлеуметтік педагог туралы шолу. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби мідеттері.

  2. Әлеуметтік педагогтың кәсіби міндеттерінің негізгі ерекшеліктері.

  3. Әлеуметтік педагогтың этикалық нормалары және құндылықтары.


Әлеуметтік педагог - әртүрлі әлеуметтік-мәдени ортада балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман. Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлығындағы ауытқуды анықтай отырып, оны қоршаған микроортаны зерттейді және балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

Мәселелі және қиындықтар бар адамдармен жұмыс істеуде жауабы күнделікті мінез -құлық және қарым-қатынас нормаларына келіп тірелмейтін этикалық жоспардағы сұрақтар туындайды. Әлеуметтік педагог кәсіби міндеттерді орындай отырып, сонымен бірге тек өзіне тән көзқарас, әдет, қызмет стилі, қарым - қатынас, темпераментке ие адам болып табылады. Сондықтан көптеген әр маманда туындап отыратын этикалық сұрақтардың жауабы әрқашан жеке түрде шешілді. Міне, сондықтан да әлеуметтік жұмыста маманның адамгершілік және әлеуметтік жетілгендігі маңызды. Әлеуметтік жұмыстың бірегей мамандығы жүз жыл өмір сүргеніне қарамастан, тек 20ғ. 90ж. басында ғана кәсіби қоғамдастық әлеуметтік жұмыстағы бірегей этикалық стандарттарды жасауға кірісті.

1994 жылы шілдеде Коломбо қаласында өткен (Шри - Ланка) әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық Федерациясының Жалпы Жиналысында «Әлеуметтік жұмыс этикасы:принциптер және стандарттар» атты құжатты қабылдады. Құжат 2 бөлімнен тұрады: «Әлеуметтік жұмыстың этикалық принциптерінің Халықаралық декларациясы» және «Әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық этикалық стандарттары». Бұл құжаттарды Федерация көп жылдар бойы қабылдаған жоқ. Бұл ұйымға кіретін жүздеген елдердің өкілдері діни және саяси көзқарастары бойынша әр алуан. Оларды жіберген мемлекеттер орналасулары, басқару формасы, мәдениет бойынша әртүрлі, әлеуметтік жұмыстың құрылымында өзіндік дәстүрге сай тарихи мұраға ие.

Көптеген қарсыласулардың нәтижесінде бір шешімге келіп, нәтижесінде осы құжаттар пайда болды.

«Әлеуметтік жұмыстағы этикалық принциптер туралы Декларацияда» келесідей принциптер көрсетілген:

Әр адам өзіне адамгершілік тұрғыдан қарауды талап ететін тұлға.

Әр адам басқалардың құқығына зиян келтірмей өз қажеттілігін қанағаттандыруда еркіндікке құқылы, және қоғамның жағдайын көтеруде өз үлесін қосуға міндетті.

Әрбір қоғам басқару формасына қарамастан өздерінің барлық мүшелеріне игілікпен қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс.

Әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік әділдік принципіне сүйенеді.

Әлеуметтік қызметкер жеке адамға,топ,қоғамға және қоғамның дамуында, жеке –қоғамдық келіспеушіліктерді шешуде және алдын алуда көмек көрсету үшін объективті білім жүйесін,біліктілік,дағдыларды қолдануға міндетті.

Әлеуметтік жұмыс дискриминациядан бас тартуға негізделген. Ол жыныс, жас ерекшелік, ұлт, дін, тіл, саяси көзқарас, жыныстық бағдардан тәуелсіз жүзеге асады.

Әлеуметтік қызметкерлер әр адамның, әлеуметтік топтардың құқықтарын сыйлайды, олардың тәуелсіздіктерін, намысын, осы негізде «Адам құқығы жөнінде ООН Хартиясына» және т. б. осы Хартияның халықаралық конвенциясына сүйенеді.

Әлеуметтік жұмыс клиенттің жетімсіздік принципін қорғауға негізделген, осыған таңдау еркіндігі және кәсіби құпиялылық, клиентке оның құқықтары және оның жеке істері жөнінде құзіретті түсіндіру құқығын талап етуді қосады.

Әлеуметтік қызметкерлер, әрекет етуші заңдылықтарына қайшы келсе де кәсіби құпияны сақтайды.

Әлеуметтік жұмыс клиенттің қатысуы және онымен ынтымақтасу принципіне негізделген. Әлеуметтік қызметкерлер клиенттің қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында туындайды. Әрбір мәселені шешуге тырыса отырып, өз клиенттерімен ынтымақтаса жұмыс жасаулары қажет. Әлеуметтік жұмысшының қызметтерін қолдаушы адамдар өз мәселесін шешуде белсенді қатысулары қажет. Клиенттер әлеуметтік жұмысшылар арқылы осы біріккен әрекеттің мақсаты және салдары жөнінде әрқашан ақпараттандырылып отырылуы тиіс.

Әлеуметтік жұмыс клиенттің өзіндік анықталу принципіне негізделеді. Сәйкесінше, ол қандай да мәжбүрлеу жөнінде хабар ету принципіне негізделген.

Бір қатысушылар тобының мәселесін басқа топтардың мәселесі есебінен шешу қажеттігі туындаған жағдайда мәжбүрлеуді қолдану қарсы топтардың қызығушылығын ескеріп қарау және екі топты да тыңдағаннан кейінгі принципті таңдау негізінде қолданылады. Әлеуметтік жұмысшылар екі қарама - қарсы топтарды білікті өкілдермен қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен бірге әлеуметтік жұмысшылар өз елінің заңдылығы негізінде легальды мәжбүрлеуге қол жеткізулері тиіс.

Әлеуметтік жұмыс терроризм, зорлық т. б. қатаң тәсілдерді қолданушы азаматтарына әсер ететін жеке адам, топ, саяси күш немесе беделді құрылымдарды тура немесе жанама қолдауы мүмкінемес.

«Әлеуметтік жұмыстың Халықаралық этикалық стандарттарында» 5 топ бөліп көрсетілген: этикалық мінез – құлық стандарттары, клиенттермен өзара қарым – қатынас, агенттілікпен және ұйымдармен өзара қарым – қатынас, әріптестермен өзара қарым – қатынас, мамандыққа деген қатынас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет