Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


Отбасының түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері



бет40/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Отбасының түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері.

Егер мынадай сипаттарға ие болса отбасы жағдайы нашар деп есептеледі: өзін-өзі төмен бағалау, мінез-құлықтың стереотиптілігі, әлеуметтік байланыстардың шектеулігі және өзіндік ерекшелігі, олардың таңдамалылығы және тарлығы, ауру отбасыішілік қатынастардың түрлі этиологиялары. Яғни, жағдайы нашар отбасыға белгілі уақыт аралығында дестабилизациялаушы отбасыдан тыс және отбасыішілік факторлардың ықпалына қарсы тұра алмайтын отбасылар жатады.

Мұндай отбасыларда тұлғаның культы басым, әркімнің назары өзіне бағытталған, қарым-қатынас шеңбері тұрақты емес, отбасындағы кейбір мүшелердің қажеттіліктері орындалмайды.

Мұндай отбасыларда түрлі проблемалар болады. Мұндай отбасыларды былайша бөлуге болады:



  • ата-аналық міндеттер атқарылмайтын, жақын адамдарды аморальды іс-әрекетке тарту болатын, отбасы мүшелерімен қатал қарым-қатынас жасайтын, отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық отбасылар;

  • ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар, аға-іні-апа-сіңлі арасындағы өзара қарым-қатынаста қиыншылықтар бар және дамып отыратын дау-жанжалды отбасылар;

  • сырттай жағдайы жақсы болғанымен, балалардың мінез-құлқында түрлі девиациялар көрінетін педагогикалық қалыптаспаған отбасылар.

Аралық топтарға әлеуметтікқауіп тудыратын отбасылар бар. Егер олар уақытында көмек алмаса олар жағдайы нашар отбасына айналады. Олар обьективті және субьективті себептерге байланысты қиындық жағдайында болады және мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің қолдауын қажет етеді. Оларға толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектері бар, асыранды балалар, өмірге жарамсыз ата-аналар бар, қашқындар отбасылары жатады.

Әлеуметтік қызметкердің мұндай отбасылармен практикалық іс-әрекетінің үрдісі диагностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативтік кезеңдерден өтеді.


Диагностикалық кезеңде арнайы кесте бойынша отбасының материалдық мүмкіндіктері және тұрмыс жағдайлары, эмоционалды-психологиялық климат, білімдік, жалпы мәдениеттік деңгейі, бос уақытты өткізу сипаты, міндеттерді және рольдерді бөлу, өзара біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруы зерттеледі, сонымен бірге тұтас отбасының және оның мүшелерінің проблемалары анықталады.
Ұйымдастырушылық кезеңде отбасы мүшелерінің жағдаятты және ресурстарды бағалауға, көмектесуші бағдарламаларды жобалау және адаптациялауға, отбасы-тұрмыстық біріккен еңбекті ұйымдастыруға, қарым-қатынасты дұрыстау, ішкі және сыртқы байланыстарды орнатуға тартуға жағдай жасалады.
Коммуникативтік кезеңде қалыптасқан біліктілік пен дағдылар қолдау табады, қолданылатын құралдар кеңейтіледі. Осылайша, мұндай отбасылармен жұмыс өмір іс-әрекетінің дағдыларына оқыту супервизиямен (патронаж) біріктірумен ерекшеленеді.
Дистантты отбасылар да, яғни ата-аналары вахталық әдіспен жұмыс істейтін, ұзақ уақытқа іссапарға шығатын, ересектер не ата-аналары дәстүрлі емес режимде жұмыс жасайтын отбасылар да қолдауды қажет етеді. Оларға өмірлік маңызды құндылықтарға көзқарастардың келіспеушілігі, эмоционалдық алыстау, бос кінәлау, көп уақыт болмағаннан кейін әдеттенудегі күрделілік тән.

Мұнда көбіне кеңес беру өте қажет. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыстағы негізгі мақсаты – отбасына, клиентке өмірлік жағдаятты өзгертуге қол жеткізуге көмектесу, қызметтер потенциалы мен мамандардың әрекеттерін координациялау.



Отбасы типологиясына сипаттама.

  1. Отбасы типологиялары.

2.Отбасы типологияларының бір-бірінен айырмашылықтары.
Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді. Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық бағыттылығы; отбасылық өмірдің айрықша жағдайлары; сексуалды қатынастар сипаты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет