Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Социальный педагог в школе. Л.Е. Никитина. М., 2003.
2. Социальный педагог в школе. О.В.Белоусова, О.В.Галстукова; УЦ Перспектива, М.2008.
3. Методика и опыт работы социального педагога. Ю.В.Василькова. М.,АСАДЕМА. 2004.
4. Социальный педагог введение в прфессию. Басов Н.Ф., Басова В.М., Кравченко А.Н. М., Академия,2007.
5. Социальный педагог в образовательном учереждении. Уч.-методическое пособие. М., Педагогическое общество России, 2007.
6. Методика и технологии работы социального педагога.Под.ред.Г Галагузовой М.А., Мардахаева Л.В.М.,Академа, 2004.
ЛЕКЦИЯ
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Бұл құралда ЕБҚ бар балалардың әрбір санаты бойынша республика мектептерінің тәжірибесінде ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялықпедагогикалық қолдау ерекшеліктері көрсетілген. Құралда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілген.
Әдістемелік ұсынымдар облыстық (қалалық, аудандық) әдістемелік кабинеттерінің басшылары мен әдіскерлеріне, білім беру ұйымының басшыларына, педагогтері мен мамандарына арналған.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жүргізген зерттеулер аясында, Қазақстанда жұмыс істейтін инклюзивті білім беру моделдеріне талдау жасау жүзеге асырылды және эксперименттік алаңдардың жұмыс тәжірибесі көрсетілді.
Өсіп келе жатқан ақпараттар ағыны, инклюзивті орта құру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге және ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың (бұдан әрі МШБ) сапалы білімге қол жеткізулерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде, өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру ұйымдарының саны көбеюде. Бұл өте маңызды, бәрінен бұрын, себебі ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар саны азаятын емес және бұқаралық метептің білім беру ортасына балалар жиірек кіруде, бұл елімізде инклюзивті білім берудің дамуындағы оң үрдіс болып табылады.
Инклюзивті білім беру моделдерін зерттеу, МШБ-ның әлеуттендіру дағдылары мен коммуникативтік біліктерін дамыту үшін маңызды ресурс ретінде АКТ, интернет-ресурстарды пайдалану мүмкіндігі мен әлеуетін, инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық қоғамдастығын құру және басқару процесінде инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді тетіктерін көрсетті.
Қазақстанда құрылған инклюзивті білім беру моделдерінің екеуіне тоқталайық:
Қарағанды қаласының № 27 ЖББОМ ММ мысалында инклюзивті білім беру мекемесін дамытуды басқару моделі.
Мектеп базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылды. Бұл қызметтің мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, қоғамға әлеуметік бейімделу және кірігуін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қойылған мақсаттар аясында келесі міндеттер жүзеге асырылады: инклюзивті білім беру бойынша жүйелі жұмыс әзірлеу және енгізу; білім біру қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің барлық субъектілері үшін білім сапасына қол жеткізу.
Білім беру ұйымы инклюзивті ортаны дамыта отырып, инклюзивті мектепті басқаруды бірнеше кезеңде жүзеге асыратын тұжырымдама әзірледі:
ерекше қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктері туралы ақпараттар алуға және зерттеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-диагностикалық (білім беру субъектілерінің жеке бейімделушілік ерекшеліктерін диагностикалау);
бағдарлық-пропедевтикалық, оның аясында бейімделген білім беру ортасының даму перспективаларын және қажетті басқару шешімдерін анықтау қамтамасыз етіледі;
әлеуметтік менеджмент технологиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін базалық-технологиялық.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, бәрінен бұрын бұл білім беру ұйымы МШБ-мен медициналық құжаттама негізінде жұмыс істейді. Тәуекел тобының балаларын бастапқыда анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдерден сұрау және балалардың атааналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтаудың келесі критерийлері атап көрсетіледі:
медициналық айғақтар;
оқу дағдыларын, біліктері мен білімдерін қалыптастыру және автоматтандыру қиындықтары;
интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуна күдік;
баланың мүдделері мен қабілеттері тарапынан дәстүрлі жағдайларда әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әр түрлі көріністер;
іс-әрекетін еркін реттеудегі жалпы проблемалар, қозғалыс тежеушілігі және ықыластың бұзылуы көріністері, баланың мінез-құлықының тепе-тең болмауы;
сөйлеуде кез-келген бұзылудың болуы;
көру мен естуге және т.б. күдік келтіру.
Ерекше білм алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесі әр түрлі деңгейлі бағдарламалар бойынша және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен жеке бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Түзету компонентін қосу міндетті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |