Этикалық мінез – құлық стандарттары:
Әр адамның мінез-құлқы, және оған көрсетілетін көмектің сипатын түсінуге тырысыңыз.
Кәсіби құндылықтарды дәлелдеңіз, білім және дағдыларды жетілдіріңіз, мамандық беделіне зиян келтіретін әрекеттерді жасамаңыз.
Өзіңіздің жеке және кәсіби мүмкіндіктеріңізді қате бағаламаңыз.
Үнемі туындап отыратын мәселелерді шешуде ғылыми танымның білімін, біліктіліктерін, әдістерін өз орнымен қолданыңыз.
Қоғам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған саясат және әлеуметтік бағдар негізгі бағыттарын жасауда өз кәсіби тәжірибелеріңізді қолданыңыз.
Әлеуметтік қажеттіліктерді, жеке табиғатыңыз және мінезді,топтық,қоғамдық,ұлттық,халықаралық әлеуметтік мәселелерді анықтаңыз және оларды түсініңіз.
Өзіңіздің барлық құрылымыңызды немесе әрекеттеріңізді жеке адам ретінде анық және есеп бере анықтаңыз, сонымен бірге кәсіби ассоциация, агенттілік немесе ұйымдардың өкілі ретінде.
Клиенттермен өзара қарым-қатынас:
Бірінші орынға өз клиенттеріңізге қатысты міндеттерді қойыңыз, тек басқа адамдардың этикалық негіздерін сыйлау шегінде ғана.
Клиент құқықтарын өзара сенімділік, құпия және құпиялылық, ақпаратты жауапты қолдануға итермелеңіз.Басқа адамдарға ақпаратты жинақтау және беру тек клиенттің қызығушылығына негізделе кәсіби іс - әрекет саласында жүзеге асады. Ешқандай ақпарат клиенттің келісімінсіз хабарланбайды. Клиент әлеуметтік қызметкердегі бар ақпаратты білуі міндетті.
Клиенттің жеке ұмтылыстарын, инициативасын,жеке ерекшеліктерін бағалаңыз және сыйлаңыз. Агенттілік және клиенттің әлеуметтік ортасы аясында маман клиентке өз әрекеттері үшін жауапты болуына көмектеседі; ол әрқашан әр клиентке көмек көрсетуге дайын. Егер қандай да бір себепке байланысты кәсібилілік қажет деңгейде көрсетілмесе, онда бұл жағдай туралы клиентке ақпарат беріліп, және ол өз қалауы бойынша әрекет етеді.
Клиентке өзіндік жүзеге асу және жеке потенциалдарды мүмкіндіктерінің максималды дамуына жету мақсатында көмек көрсетіңіз, алайда басқа адамдардың құқықтарын тең дәрежеде сақтай отырып. Клиентті өз негізінде қызметпен қамтамасыз ету дегеніміз, клиенттің маманмен байланысты заңды қалау және қорытындыға жетуге бағытталғандығын түсінуі, қолдануы тиіс б.т.
Агенттілікпен және ұйымдармен өзара қарым-қатынас:
Әлеуметтік саясаты,әдістері және практикасы клиентке құзіретті көмек көрсетуге және кәсіби әлеуметтік жұмысқа қолдау көрстеуге бағытталған агенттілік және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасаңыз.
Агенттілікпен немесе ұйымдардың Жарғылық мақсатына және міндеттеріне толық; әлеуметтік жұмыстың жоғары стандарттарына жету мақсатында әлеуметтік саясат, әдістеме және практикасын жасауда үлесіңізді қосыңыз.
Клиент тағдырына толық жауапкершілікпен қараңыз, сәйкес агенттілік, ұйымдардың каналы бойынша әлеуметтік саясатқа әдістеме, практикаға қажетті өзгерістерді енгізіңіз. Егер бар мүмкіндік текке кетіп, өзгерістер енгізу мүмкін болмаған жағдайда жоғары ұйымдарға немесе қызығушылық танытқан көпшілік қоғамдастыққа жолығыңыз.
Әлеуметтік жұмыстың тиімділігі жөнінде клиентке клиент, агенттілік және ұйымда туындаған мәселені кезеңдік талдау, сонымен бірге жеке қызметті өзіндік талдау формасында кәсіби есеп беріңіз.
Әрекет, процедура, практика бағытында әлеуметтік жұмыстың этикалық прициптері арасында қарсылық орнатпаңыз.
Әріптестермен өзара қарым-қатынас:
Өз әріптестеріңіздің және басқа да мамандардың кәсіби дайындығына және практикалық қызметіне тиісті сыйластықпен қарап,әлеуметтік жұмыста тиімділікке жетуге қандай да ықпал етіңіз.
Әріптестердің және басқа да мамандардың әртүрлі пікірлеріне және практикалық тұрғыларына сыйластықпен қараңыз.
Өзара жетілу және өзіндік дәлелдеу мақсатында мамандық бойынша, басқа мамандардың және ерікті білім,дағды,идеяны алуға, таратуларына мүмкіндік беріңіз.
Клиенттің қызығушылықтарына немесе этика нормаларының бұзылуы болған жағдайда сәйкес органдарға хабар беріңіз.
Әріптестерді әділетсіз шешімдерден қорғаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |