Мамандыққа деген қарым-қатынас:
Мамандық құндылықтарын,білім,әдістемелерін сақтаңыз, олардың дамуына және жетілуіне үлесіңізді қосыңыз.
Мамандықты әділетсіз сыннан қорғап, біздің мамандығымыздың қажеттілігіне деген сенімділікті күшейту үшін бар мүмкіндікті жасаңыз.
Мамандық, оның теориясы,әдістері және практикасына конструктивті сын жасаңыз.
Бұрыннан бар және жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті әлеуметтік жұмыстағы жаңа тұрғы және әдістерді жасауды кеңейтіңіз.
Кәсіби нормаларды бұзу немесе қателесу, құзіретсіздік немесе алдын-ала ойластырылған әрекет салдарынан кәсіби нормалардың бұзылуы ретінде анықталады. Әлеуметтік жұмысшылар құпиялылық, балаларға жаман қарау күмәнін біле тұрып жеткізбеу, қасақана қолдану, сөзбен тигізу және физикалық зомбылық қаупі, әрекетпен қорлау, емдеу әрекетінде қателесіп орналастыру тәсілі арқылы еркіндікті заңсыз шектеу сияқты актілерге көңіл бөлмеу негізінде сотқа тартылады.
Әлеуметтік жұмысшы міндетті:
Алмауға, бұйырмауға, рұқсат етпеуге. Тұлға қадірін сыйлай отырып, клиентті әрекетке, инициативаға, шығармашылыққа итермелеу, ояту;
Клиентті тыңдай білу, шыдамдылық таныту, мәселені және жағлайды түсіну, оның жағдайына ену, сыпайылық, такті сезімін көрсету;
Коммуникабельді, түйіскен бола білу, клиентті «сөйлете» алу, біріге отырып мәселеден шығу жолын анықтау; орта үшін қажетті, қызықты бола білу;
Клиент және оны ортасы арасында байланыс көпірі, делдал болу, клиентке көрсетіліп отырған қайырымды көмек формасы негізінде қадірінің түсуіне жеткізбеу;
Клиентпен жұмыста формальды емес бола білу, клиенттің жеке мәселесін шешуде кеңесші, көмекші ролін орындау; тең, диалог негізінде өзара қарым-қатынас орнату;
Ізгіліктік және сүйкімділік позициясынан үнемі шыға алу. Клиентті кінәламау, тексермеу; тұлғасына немесе топ адамдарына қатысты ізгіліксіз немесе дискриминацияланған мінез - құлықтың алдын ала білу; клиентті физикалық немесе рухани үйлесімсіздіктен, ауытқушылықтардан, қауіп немесе төмен сезінуден қорғау;
Қандай да шатасу, ақиқатсыз әрекеттерге енгізген әрбір алданудан шыға отырып, өзіндік мінез - құлықтың жоғары стандарттарын қадағалаңыз; үнемі клиенттің қызығушылықтарын ескеріп әрекет етіңіз;
Әлеуметтік жұмыста өзіңізге көмекші таба біліңіз, әлеуметтік жұмысты дамытуда қоғамдастықтың қатысуын қадағалаңыз;
Тек өз құзіреттілігіңіздің аясында жұмыс жүргіңіз, өз жұмысыңыздың сапасы үшін персоналды жауапты болыңыз; ықпалдарға берілмеңіз; клиентті жасалатын шара, оған көрсетілетін жұмыс сипаты, жүргізілген жазба, жинақталған мәліметтер туралы ақпараттандырыңыз;
Өз кәсіби қарым-қатынасыңызды жеке мүддеңіз үшін қолданбаңыз; жағдайды талқылау, бағалауда тек кәсіби мақсатта қатысыңыз, клиент сеніп тапсырған құпияны сыйлап, таратпаңыз; қызмет үшін ақыны тек ерікті берілгенде және заңды негізді қабылдаңыз.Орындалған жұмыс үшін бағалы сыйлықтар алмау;
Үнемі кәсіби білім, шеберлік, біліктілік деңгейін көтеруге ұмтылу. Өз практикалық іс - әрекетіңізді кәсіби білімде негіздеңіз;
Мамандық қадірін және тазалығын қорғап, күшейтіңіз.Әріптестердің сенімін кәсіби өзара қарым-ұатынас және өзара әрекетте сыйлау, сыпайылық және әділдікті қадағалаңыз.Әріптестеріңіздің қайсысы болмасын этикаға жатпайтын мінез-құлқына қарсы шара қолданыңыз (В. Г. Бочарова бойынша).
Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыстың құндылықтарының жиынтығын білдіретін негізгі идеялар, принциптер, жағдайлар бөлінеді.
Әлеуметтік жұмыс әмбебап қызмет түрі болғандықтан, жұмыстың жалпы, жалпыадамзаттық сипатқа ие құндылықтарын бөлуге болады: ізгіліктік, әлем, адам құқығы, әлеуметтік әділдік, заңдылық, альтруизм, қоғамдық, топтық және жеке қызмет үйлесімділігі, өзіндік қамтамасыз ету, демократизм, толеранттылық, әлеуметтік жауапкершілік, сенімділік, құзіреттілік, құпиялылық т.б.
Ізгіліктік адамды жоғары құндылық ретінде қабылдайды, оның қадір-қасиетін, азаматтық құқығын қорғайтын, тұлға қабілетін еркін және жан - жақты көрсетуге жағдай туғызатын әлеуметтік жұмыстың жетекші құрылымы б.т.
Міндетті нұсқаулар, бұйрықтармен реттелетін ресми қатынастардан өзгешелігі, әлеуметтік жұмысшы және клиентарасындағы формальды емес байланыс, ең бастысы жеке қасиеттердің психологиялық сәйкестігі, қызығушылықтардың ортақтығы, симпатия және антипатия негізінде туындап құрылады. Әлеуметтік жұмыстағы формальды емес қарым - қатынас сипаты психологиялық феномен ретінде болса да, әлеуметтік жұмысшылардың міндетті қызметіне, оның қызметтік міндетіне жатпайды.
Әлеуметтік жұмыс демократизмі клиентпен психологиялық байланыс орната білу, қарым-қатынас нормаларын және ережелерін сақтау, клиент тұлғасын сыйлау және көңіл аудару, клиентті тұлғалық мәселесінің шешімін іздеуде белсендендіре білуді талап етеді.
Өмір әрқашан теориялардан байырақ, нұсқаулардан жан - жақты. Үнемі өзгеріп отыратын өмір жағдайлары, мәдениет деңгейі бойынша әлеуметтік топ және адамның әртүрлілігі (білім, жыныс, жас ерекшелік, еңбекке орналасуы, біліктілік, денсаулық) әлеуметтік педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер кездесіп отыратын әлеуметтік мәселенің үнемі жаңаруын және ерекшеліктерін алдын-ала анықтайды. Міне сондықтан да әлеуметтік жұмыстың тұлғаның өміріндегі нақты жағдайлармен байланысы ең алдымен жағдайды талдау және бағалауды, адамның өмірлік жағдайын әлеуметтік диагностикалаудан тұрады. Бұл принцип әлеуметтік жұмысшыны әлеуметтік жұмыста мақсатқа жету үшін тікелей маңызды болуы мүмкін әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктерін анықтауға бағыттайды. Ол дерексіз теорияны, шаблон, инерция, формализмді қолданбайды.
Заңдылық - әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі және құндылығының бірі ретінде. Заңды қатаң орындау, және барлық мемлекеттік органдар, міндетті адамдар, қоғамдық ұйым, азаматтардың құқықтық актілерін қатаң түрде орындауды негіздейді. Нормативті - құқықтық акті мемлекет саясаты, соның ішінде әлеуметтікке кіретін форма б. т. Құқық ролі және орны ең алдымен саясаттың жүзеге асуына қызмет етуден тұрады, алайда осы құқық ролін оны бүкіл нормалармен қатаң сақтағанда ғана орындауға болады. Осыдан жалпы заңдылық, әлеуметтік жұмыстағы, былайдағы да бірінші және соңғы талабы шығады.
Әлеуметтік саясат, адам қызығушылығын қай формада болсын көрсетсе де, сонда да маңызды болады, егер ол істе жүзеге асып, егер оның жүзеге асуының нәтижелерін адам практикада түсінсе ғана. Декларация және ұран, нақты әрекеттермен олардың шынайылыққа айналуға бекітілмеген ,- бұл тек олардың дискредитациясының бір тәсілі ғана. Халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған шараларды сәтті жүзеге асыру көбінде әлеуметтік жұмыста кәсіби принциптерді қадағалаумен анықталады, соның ішінде әлеуметтік, әлеуметтік қызметкерлерді басқару органдарының технологиялық құзіреттіліктерін бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |