Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет47/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Технологиялық құзіреттілік – әлеуметтік қызметкерлердің туындаған мәселені шешудің жағдайы және технологиясы жөніндегі терең білімі, өз білімін практикада сауатты жүзеге асыра алуы, жүйелі оқу және кадрларды қайта даярлау, нақты ақпарат, басқарудың барлық салаларындағы талдау және болжамдық іс-әрекеті, әлеуметтік жұмыс, оның типологиясы, объектілері жөніндегі жан-жақты білімі, әлеуметтік қызметтің клиенттерімен жұмыс істеудегі іскерлік және ұйымдастырушылық.

Бұл топтың ең маңызды принциптерінің бірі – әлеуметтік белсенділікті ынталандыру- аламдарды, оынң күшін, қабілетін, нақты әлеуметтік маңызды мақсатқа жету үшін адамгершілік және еріктік потенциалды жүзеге асыруда белсенділік көрсетуіне итермелеу. Осы жерде қызметтің әр түрінде еліктірудің қайнар көзі адамда өздігінен пайда болатын қызығушылықтары, қажеттіліктері емес, а олардың қанағаттандырылу деңгейі болып табылады.

Әлеуметтік жұмыстағы ынталандыру принципі оынң формасының идеялық және матераилдық бірегейлігін және сәйкестігін талап етеді; құралдардың адекваттылығы және ынталандырудың жеке, кәсіби, тұлғаның білім беру мәдениеті және психологиялық ерекшеліктеріне негізделген тәсілдер; адамның іске, оның өмірлік іс-әрекетінің әлеуметтік құндылықтарына қатысты бағалаудағы объективтілік және дауыстылық.

Әлеуметтік жұмыстың маңызды басқарушылық принципі – орындауды бақылау және тексеру б.т. Әлеуметтік қызметтің бақылау – тексерушілік функциясы – бұл әлеуметтік жұмыстың қандай да бір өзінше шекарасы емес, а оның бөлінбес компоненті. Әлеуметтік қызметті және басқару органдарын бақылау – тексеру қызметінің мағынасы мынада, яғни мемлекет кепілдік берген халықтың әртүрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету б.т.

Әлеуметтік жұмыстың ең негізгі ұйымдастырушылық принциптерінің бірі – әлеуметтік қызмет кадрларының құқық және міндеттерінің, жауапкершіліктерінің біртұтастығы әлеуметтік қызмет іс - әрекетінің тәжірибесін, олардың басқару органдарының қызметін зерттеу көрсеткендей, олардың нақты қызметтері әлеуметтік жұмыстың әр маманының өзіндік қызметі және міндеттері жөнінде анық білуі негізінде болады.

Әлеуметтік жұмыс теориясында және практикасында психологиялық-педагогикалық принциптер үлкен роль атқарады, олар әлеуметтік жұмыстың формалары және әдістері, клиентке ықпал ету тәсіліне деген талаптарды анықтайды.

Бұл топтағы әлеуметтік жұмыстың негізгі принциптерінің бірі – кешенді тұрғы б. т.

Әлеуметтік жұмыста кешенділік бір жағынан әлеуметтік жұмыс объектісіне ықпал етудегі тұтастық және жан - жақтылық, ал басқа жағынан адамдардың қызығушылығын, қажеттіліктерін, көңіл - күйін зерттеу және есепке алу, олардың мінез – құлқына және өзіндік сезіміне ықпал ету сипатын болжамдау, сонымен бірге адамдардан шынайы тұлғаны көруді білдіреді.

Әлеуметтік жұмыстың психологиялық - педагогикалық принциптерінің ішінде адамдарға деген дифференциалды тұрғыны бөлуге болады. Ол әртүрлі топ, мамандық, жас ерекшелік өкілдерінің материалдық және рухани құндылықтарға, қоршаған орта шынайылығына деген көзқарасын және қатынастарын анықтауға негіздейді.

Сонымен бірге қарастырылған қоса психологиялық - педагогикалық принциптерге әлеуметтік жұмыстағы мақсатқа бағдарлануды қосуға болады. Әлеуметтік лердің назарында үнемі болатын клиентке әсер ету мақсаты; оның әрекетінің сипатын және тәсілін анықтайды, әлеуметтік жұмыс мазмұнын және формасын алдын-ала анықтайды. Мақсатқа жету әлеуметтік қызметкер күшінің тиімділігі б. т. Мұның бәрі жеке маман, сонымен бірге әлеуметтік қызметкердің бүкіл құрылымының қызметтегі мақсатқа бағдарланушылық принципінің орны және маңыздылығын көрсетеді.

Мақсатқа бағдарланушылық әлеуметтік жұмыстың бүкіл принциптерін біріктіре отырып, оған жұмыс әдістерін, формаларын таңдауда ғылыми сипат, нақты перспектива беріп, нәтижені болжауға, әрекеттің нақты бағдарын құруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет