Біріншілік иммундық жауап антиген ағзаға алғаш түскен кезде байқалады.
Лимфоциттердің бір бөлігі антигенмен өзара әрекеттескеннен кейін
сенсибилизацияланады (арнайы
антиденелер
жинақталады),
соның
арқасында ағзаның антигенге сезімталдығы артады. Ұзақ уақыт бойы
сенсибилизацияланған жасушалар лимфоидты ұлпаларда сақталуы мүмкін,
олармен байланыста болған антигеннің ерекшелігі туралы есте сақтайды.
Екінші иммундық жауап сол антигенді қайта енгізгеннен кейін көрінеді. Бұл
ретте пайда болатын антиденелердің саны бастапқы жауаптан әлдеқайда көп
болады
Иммунитет ағзаның гомеостазын бақылайтын қорғаныш реакцияларының жиынтығы ретінде