Лекция «Биологиялық факторлардың» санитарлық гигиеналық сипаттамасы. Микроорганизмдердің тірі және инактивирленген клеткалары. Инфекциялық процесс және иммунитет туралы түсінік


Инфекциялық процесс туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата08.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#117968
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Сыдыкбекова Р.К.-4
4 апта Срс Дулатов Д Академ, 4 апта Срс Дулатов Д Академ, 4 апта Срс Дулатов Д Академ, 4 апта Срс Дулатов Д Академ, 4 апта Срс Дулатов Д Академ
Инфекциялық процесс туралы түсінік.
Жалпы гетеротрофты микроорганизмдердің көпшілігі тіршілік етуі басқа организмге тәуелсіз
сапрофиттер болып табылады. Олар көміртегі көзі ретінде әртүрлі органикалық қосылыстарды
пайдаланады. Бұл микрооорганизмдердің глобальді экологиялық рөлі табиғаттағы: көміртегі, азот,
күкірт және т.б. заттардың биогеохимиялық айналымына қатысу болып табылады. Олар қоректік
тізбекте редуценттер қызметін атқарады.
Микроорганизмдердің арасында сапрофиттерден басқа қоректік заттарды басқа организмдерден
алатын
паразиттердің
алуантүрлі топтары болады.
Паразиттер
облигатты
және факультативті паразиттер тобына бөлінеді.
Облигатты паразиттер иеге клеткадан тыс өмір сүре алмайды, ал факультативті паразиттер
қоршаған ортада еркін өмір сүру қабілеттіліктерін сақтап қалады.
Сонымен қоса патогенді микроорганизмдер тобы болады. Олар макроорганизмге түскенде
патологиялық
өзгерістер,
яғни
әртүрлі
ауруларды
туғызуға
қабілетті
болады.
Патогенді
микроорганизмдер сапрофитті өмір сүру барысында болатын өздерінің денесінен бірқатар
ферменттерді түзу қабілеттілігін жоғалтады, бірақ олардың патогенділік қасиетін анықтайтын
токсиндер және т.б биополимерлерді түзу қабілетіне ие болады.


Патогенділік
– макроорганизмнің (адам, жануар, өсімдік) кейбір микроорганизмдердің түрлеріне
сезімталдылық көрсету нәтижесінде және сол микробтың жұқпалы ауруларға душар ететін түрлік,
генетикалық детерминирленген (бірқатар гендердің бақыланатын, белгілер кешенімен анықталатын)
қабілеттілігі.
Патогенділік – паразитизмге қарағанда кең ауқымды түсінік, ал патогенді микрооррганизмдердің тобы
паразиттерге қарағанда едәуір көп болады. Патогендердің арасында макроорганизмнің кейбір
жағдайларда ғана, мысалы иммунитеті әлсіреген кезде ауру туғызатын қатаң патогенді
(оппортуникалық түрлері) микроорганизмдер болады.
Бұрын сапрофитті болған көптеген бактериялар адам үшін патогенділік қасиет көрсетуі мүмкін,
сонымен қатар мутуализм жағдайында белгілі бір жағдайларда паразитизмге өтуі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет