Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Лекция 6. Арқаулық ұлпалар. Жабындық ұлпалар



бет16/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

Лекция 6. Арқаулық ұлпалар. Жабындық ұлпалар


АРҚАУЛЫҚ (МЕХАНИКАЛЫҚ) ҰЛПАЛАР
Өсімдіктердің денесіне таяныш, мықтылық, беріктік және серпімділік қасиет беретін жасушалар тобын арқаулық ұлпалар деп атаймыз. Арқаулық ұлпалар бірігіп, өсімдіктің барлық мүшелерын сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді. Бұл ұлпалар қабықшалары қалың, жиі (бірақ барлық уақытта емес) сүректенетін жасушалардан тұрады. Көп жағдайда бұлар өлі жасушалар. Өстік мүшелерда бұлар негізінен прозенхималық, ал жапырақтар мен жемістерде паренхималық жасушалар болып келеді. Жасушаларының формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалыңдау ерекшеліктеріне қарай арқаулық ұлпаларды екі топқа бөледі: колленхима; склеринхима.
Колленхима. Колленхима тірі, әдетте паренхималық жасушалардан тұрады. Егер жасушаның қабықшасының қалыңдауы, оның бұрышынан басталса, ондай колленхиманы бұрыштық деп атайды (42-сурет). Егер жасушаның екі қарама-қарсы жатқан қабықшалары қалыңдап, қалған екеуі жұқа күйінде қалып отырса, ондай колленхиманы пластинка тәрізді деп атайды (43-сурет). Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері (участкілері) болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан мүшелердің тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән. Коленхима өсімдіктердің өстік мүшелерінде тоз (феллоген) камбиінің түзілуіне және жарақаттанған жерде жарақат феллеогенінің түзілуіне қатысады.
Склеренхима. Өсімдіктер мүшесіне ерекше мықтылық беретін ұлпа. Олар жасуша қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық жасушалардан тұрады. Тек жас жасушалары ғана тірі болады.
Жасы ұлғая келе бұл жасушалардың ішіндегі заттары өледі. Бұл құрлықта өсетін өсімдіктердің вегетативтік мүшелерындағы ең кең таралған арқаулық ұлпа. Жасуша қабықшаларының химиялық құрамы бойынша склеренхиманың екі түрі болады: талшықтар және склереидтер. Талшықтардың өзі пайда болуына қарай екі түрі болады: біріншісі тін талшықтары, олар алғашқы түзуші ұлпа прокамбий мен перициклден және алғашқы қабықпен түтікше-талшық жиынтығының негізгі ұлпаларынан пайда болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет