Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Элодейдің өркенінің төбелік бүршігі



бет15/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)
35-сурет. Элодейдің өркенінің төбелік бүршігі:
А-тікесінен жасалған кесіндісі; Б-жоғарғы ұшы (сыртқы көрінісі және кесіндісі); В-алғашқы меристеманың жасушасы: 1-жоғарғы ұшы (апекс); 2-жапырактың бастамасы; 3-қолтықтық бүршіктің бастамасы (төбешігі).

36-сурет. Қара бидайдың сабағындағы қыстырма меристеманың орналасуы (А) және буынның тікесінен жасалған кесіндісі (Б) (сызба-нұсқасы): 1-жасушалардың бөліну аймағы; 2-жасушалардың дифференциациялану аймағы; 3-қалыптасқан ұлпалар; 4-буынның төменгі бөлігі; 5-буынаралық; 6-қуыс; 7-жапырақ қынапшасы.
НЕГІЗГІ ҰЛПАЛАР
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Кейбір әдебиеттерде бұл ассимиляциялаушы, қор жинаушы, сорушы, ауа алмастырушы ұлпалар деп жеке қарастырады.. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар жасуша қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Бұл жасушалардың жасуша аралық қуыстары болады. Паренхималық жасушалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор зат­тары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқа да қызметтер атқарады. Негізгі ұлпаларды атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады (41-сурст).
Ассимиляциялық паренхималардың жасушаларында хлорофил дәндерінің болуы. Олар фотосинтез процесін іске асырады. Өсімдктердің жапырағында, шөптесін өсімдіктердің сабағында, шикі жемістерінде, эпифиттердің ауа тамырларында кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі ауа алмастыру және суды буландыру.
Олардың пішіндері мен мөлшері өқсімдік түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қос жарнақтыларда бағыналы, борпылдақ ұлпалары болса, қылқан жапырақтыларда қатпарлы ұлпалар болады.



41-сурет. Шлаң сабағындағы аэренхима:
1-жасуша аралық қуыс.

Қор жинаушы ұлпалар. Қор жинаушы ұлпалар өсімдіктер денесінде пайда болған органикалық заттар мен су қорын жинауға бейімделегн жасушалар тобы. Қор заттарын жинау барлық жасушаларға тән. Қор заттары қатты (крахмал) және еріген (қант) күйінде болады. Олар негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею мүшелерында, дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және өсімдіктердің басқа да жерлерін де жиналады (23-сурет). Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).


Сорушы (қабылдаушы) ұлпалар. Сорушы ұлпалардың өсімдік тіршілігінде маңызы зор. Сыртқы ортадан өсімдіктердің денесіне су және онда еріген заттарды осы ұлпалар арқылы қабылдайды. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) жасушалардың (эпиблема) тобы жатады (62-сурет). Олардың ұлпаларының құрылысы қабылдайтын заттарына, өсімдіктердің денесінде орналасуына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы тамыр түктері, астық тұқымдастарының эндоспермі мен ұрық бөлімінің ортасында орналасқан қалқаншадағы сору қабаты, празиттік өсімдіктердегі гаусториялар.
Гидропоттар. Бір немесе бірнеше жасушалар топтарынан тұрады. Олар көбінесе су өсімдіктерінің жапырақтарының астыңғы бетінде орналасып суда еріген заттарды қабылдайды.
Ауалық ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа әсіресе өсімдіктің су асты мүшелерында, эпифиттердің ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген (41-сурет). Негізгі қызметі тамырды оттегімен кейбір жағдайларда жапырақты көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету. Олардың жасуша аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет