Лекция Экологияны оқыту әдістемесінің пәні Жоспары: Экологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Экологияны оқыту әдістемесінің міндеттері



бет19/37
Дата07.05.2020
өлшемі428 Kb.
#66488
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
Сатаева Д.К. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында экологияны оқыту әдістемесі ЭК-19-2(М)

Бақылау сұрақтары


    1. Мектеп биологиясының физикамен байланысы?

    2. Биологияның химииямен байланысы?

    3. Тәнтану курсының байланыстар?

18 - лекция .


Сабаққа дайындалу.
Жоспар:

1. Сабақтың элементтері

2. Сабаққа дайындық кезеңі
Лекция мақсаты: сабақтың элементтерін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Биология сабақтарының жүйеленуі, құлрлымы және мұғалімнің сабаққа дайындығы

Жоғарғылда айтылғандай оқу - тәрбие жұмысының негізгі формасы – сабақ. Сабақта мектеп оқушылары тұрақты ұжыммен белгіленген уақытта сабақ кестесіне сай білім алады. Сабақтың элементтері бір – бірімен тығыз байланысты және ол бір тұтас құрлым тұрақты жүйе ретінде қарастырлады.

Дидактикада сабақтардың бірнеше жүйесі келтірлген. Педагоктың оқушылардың іс - әрекетіне негіздесек сабақтардың төмендегідей түрлерін бөлуге болады:



  1. Аралас ( комбинированный) сабақ;

  2. Оқушыларға жаңа біліммен дағдыларды қалыптастыру сабағы;

  3. Меңгерген оқу материялдарын жүйелеп, жинақтап қорыту, немесе қайталау сабақтары;

  4. Оқушылардың білім сапасы мен икем - дағдыларының бағалау сабақтары.

Нақты тақырыптардың құрлымы мен сабақтың атқаратын қызметіне байланысты: кіріспе сабағы, оқушылардың жаңа материялды меңгеру сабағы, жинақтап қорыту сабақтары болып бөлінеді.

Осы айтылған сабақтардың барлығы да биологиялық пәндердің оқыту барысында өз мәнінде күнделікті оқу тәрбие жұмыстарында қолданылады. Методикалық тұрғыдан дұрыс құрастырлған сабақтар мұғалімінің оқушылармен бірге жүргізген бір қатар оқу - тәрбие жұмыстарының мақсаттарын шешеді.

1. Бағдарламаға сай білімнің көлемін оқушылардың мңгеру сапасы арттырып, оқушылардың дүниеге көз – қарасын дамытады;

2. Оқушылардың қоршаған ортаны, өзінің ағзасын танып білудегі икем дағдыларын дамытып тіршілікте осы дағдыларды пайдалана білуге үйретеді;

3. Биологияны оқыту процесінде оқушылардың бойында пәнге деген құнды -эмоционалды қарым – қатынастарын қалыптастырып шығармашылық белсенділіктерін арттырады. Оқушының жеке деңгеиінің жоғарылауын және өзіндік дамуын қалыптастырады.

4. Қазіргі әлуметтік қоғамда жеке тұлғаның бейделунің мүмкіншіліктерін, өзіне - өзі нақты баға беру, үйреншікті ойлаудан бөлек заманның талабына сай ойлауын сана -сезімін арттыраады;



  1. Оқушылардың жекеше позотивтік қасиеттерін қалыптастырады.

2. Осы көрсетілген мақсаттардың барлығы бір – біріне тығыз байланыста оқу- тәрбие жұмытарында үйлесімді бір – бірімен жалғасып жүреді. Бұл мақсаттарды шешу үшін, күнделікті биология пәндерін оқыту барысында сабақтардың алуан – түрлері қолданылады.

Мысалы:


  1. “Ойлау” - сабағы;

  2. “Саяхат” – сабағы.

  3. “Сот” – сабағы;

  4. “Ойын” – сабағы;

  5. “Дөңгелек үстел” - сабағы;

  6. “Интерграцияланған” – сабағы;

  7. “ Диспут” – сабағы;

  8. “Конференция” – сабағы;

  9. “Зерттеу” – сабағы;

10. “Экскурсия” - сабағы; т.б.
Аталған сабақ түрлерімен биологияны оқыту әдісіндегі қолданылатын сабақтардың түрлерін шектеуге болмайды. Пәннің, тақырыптың мазмұнына сай мұғалімнің сабақтарды түрлендіруі, оның шығаомашылығы мен фантазиясына байланысты. Биология сабақтарындағы мұғаліммен оқушылардың жұмысының іс - әрекетінің жемісті аяқталуы қандай жағдайларға байланысты екендігі, әркездеде мұғалімді толғандырып, ойландыратын маңызды сұрақтардың бірі. Бұл сұраққа жауап беру үшін, сабақтың тиімділігін арттыратын факторлардың комплексін атап көрсетуге болады, ол: мұғалімнің маман ретінде дайындық деңгейі, класстағы оқушылардың интелектуальды мүмкіншіліктері, оқушылардың биология пәінінедеген қызығушылығы, ынтасы, сонымен бірге оқушылардың класстағы саны және жас ерекшеліктері, биология кабинетінің қазіргі заманның талабына сай жабдықталуы, мұғалім мен оқушылар арасындағы жекеше қарым – қатынас, мектептің оқу сабақ кестесіндегібиология пәнінің алатын орны тағы басқа.

Мынандай жағдайды мысалға келтірейік: эрудициясы жоғары әдістеменің жан – жақты, қыры – сырын білетін, биология білімдерімен қаруланған мұғалім деңгейі жоғары класта сабақ береді , оқушылармен қарым – қатынасы жақсы жолға қойылған. Оқу кабинеті жақсы жабдықталған. Биология сабағының реттнөмірі сабақ кестесінің орта бөліміне қойылған, оқушылар әлі шаршамаған кезде өтледі.

Бұл сабақ міндетті түрде жемісті өтеді, деп айта аламыз ба? Десек те, толық кепілдік бере алмаймыз. Сабақтың педагогикалық тиімділігінің төмен болуы мұғалімнің сабаққа жеткіліксіз дайындық пен келуінен байланысты болуы мүмкін. Мектеп тәжрибесінде сабақтың тартымсыз өтуі, аса тәжрибелі мұғалімдерде де кездеседі, оның себебі мұғалімнің алдын – ала сабақтың құрлымын логикалық тұрғыда ойластырмауында, оқытудың әдіс тәсілдерінің кезектестігі мен үйлесімдігін дұрыстап ойластырып құрастырмауына байланысты. Сондықтан мұғалімнің сабаққа дайындық кезеңі көп мәселелерді шешеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығын оның жоспар түзуінен бастайық.


  1. Оқу тақырыбындағы сабақтың орнын және мақсатын, міндетін нақты аықтап алу.

  2. Мектеп бағдарламасының пән бойыныша мазмұнымен толық таысып биологиядан, ғылыми көпшілік әдебиеттермен, тақырып бойынша методикалықнұсқаулармен таныс болып, сабаққа қажетті негізгі мазмұнды таңдап алу.

  3. Сабақтың мінлеттеріне байланысты, мазмұнын ескере отырып оның әдісі мен тәсілдерін анықтау.

  4. Оқытуға қажетті құрал жабдықтарды таңдап алу. (көрнекіліктер, техникалық құрал жабдықтар т.б.).

  5. Сабақтың құрлымын, оның негізгі бөліктерін логикалық кезектестіін анықтау.

  6. Сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақытты анықтау (шамалап).

  7. Сабақтың жалпы жоспарын түзіп, жазу . Егер сабақты дәстүрлі түрде өтетін болса төмендегідей сызба нұсқаны пайдалануға болады;

    1. Сабақтың тақырыбы;

    2. Сабақтың мақсаты білім – беру, дамыту, тәрбиелеу);

    3. Сабақта қолданылатын әдістер ( барлық түрін тізіп шығып, негізгісін көрсету).

    4. Қажетті әдебиеттердің тізімі.

Таным жорықтың жалғасы,

Байлықты игеруіне көмегін тигізеді.Және көзделген мақсатқа жету үшін көмекші иллюстриялық құрал рөлін атқарады. Таным жорықәлуметтік психологиялық - педагогикалық тәрбие береді. Олар этикалық адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие беру мен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы өсімдік ортамен дұрыс қарым – қатнас жасай білуге үйретеді.

Танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштардың қурап қалғаны, гүлді өсімдіктердің солуы осылар жөнінде балаларға түсіндіріп, оған адамдардың кінәлі екенін, өсімдіктерді қорғау керек екендігін түсіндіріп беру тиімді болады. Мысалы мектептің іші мен сыртын қамқорыққа алған көшелер шағын бұта өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарын жинау, бау – бақшаның зиянкес жәндіктерімен күрес, шөптерден тазарту, қосымша азықтандыру, көгілдір және жасақтандың жұмысына қатысу, мектеп маңын және көшедегі лас қоқыстарды, ағаштардың жапырақтарын жинау, туған өлкені зерттеп білу, барысында табиғат ескерткіштерін қамқорлыққа алу және т.б.

Белгілі педагок әдіскер К. Г. Ягодовский ХХ ғасырдың басында танымжоры қ жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынады, ал “ танымжорықтың негізгі мақсаты оқушыларға тірі заттардың аттарын жаттауемес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету” деді.

Танымжорық кезінде оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйретеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалы қ этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, олардың денешынықтыруға еңбекке баулып, сабақта өтілетін экологиялық материялдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғатқа таныжорық оқушыларға білім берудің, бірден – бір табиғи жолы. Мұғалім танымжорық арқылы оөушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Танымжорықтың барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне маральдық номлар мен мінез құлық ережелеріне көзқарасы қалыптасады.

Оқушыларға танымжорық барысында қосымша педагогикалық психологиялық тәрбие беру мақсатында “ ботаникалық соқпақтың” да өзіндік орны бар. Ботаникалық соқпақтың танымдық тәрбиелік және ұйымдастырушылықмаңызы ерекше. Баланы өзіндік ортасымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге үйретеді.тттБотаникалық соқпақ өтетін аймақ алдын – ала жан – жақты тексеріліп, ондағы өсімдік жағдайлар ескеріледі, оған қатысқан әр – бір оқушының бойында өсімдіктерге деген сүйеніші болуы тиіс, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды. Әрбір ботаникалық соқпақ оқушының қызығатын , әрі қимайтын орнына айналуы тиіс. Ботаникалық соқпақтың ұзындығы 1,5 – 2 шақырымнан аспаған жөн. Егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Ботаникалық соқпақтың өтетін жер өсімдіктері бақыланады. Ботаникалық соқпақтың ашылуына ерекше көңіл бөліну керек. Әр бір оқушының есінде өмір бойы ұмытылмайтын әсер қалдыратындай салтанатты түрде өткізілуі керек.

Ботаникалық соқпақтың оқушыларға пайдасы.



  • пәннен а лған білімін толықтыруға әсер етеді;

  • тек сабақ үрдісінде алған біліміне сүйенбей, оқушы ботаникалық соқпақ кезіндегіалған іс тәжрибесіне сүйенуіне мүмкіндік алады.

  • Табиғатпен айналадағы өсім дік ртамен қарым – қатынас қалыптасады;

  • Оқушылардың өсімдік жемісін күтіп баптау жөнінде олдарды пайдалану туралы түсініктер қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет