12 Лекция. Регрессиялық талдаудағы біруақтылы теңдеулер. Нақты өмірде көпжақты арақатынасты сипаттауға тура келеді. Бұндай арақатынастар біруақтылы теңдеулер немесе эконометрикалық үлгі деп аталатын теңдеулер жүйесімен сипатталады.
Біруақытылы теңдеулерге мысал келтіріледі.
1. Ақша айналысының ақша айналымынан және халықтың ақшалай табыстарынан тәуелділігі.
2. Ақша айналымының ақша айналысынан және жинақ кассаға салу көлемінен тәуелділігі.
Эконометрикалық үлгінің біруақтылы теңдеуіндегі айнымалылар.
1. Эндогенді айнымалылар. Бұл эконометрикалық үлгімен түсіндірілетін айнымалылар.Эндогенді айнымалылар басқа айнымалылардан тәуелді.
2. Экзогенді айнымалылар. Бұл айнымалылар алдын – ала эконометрикалық шамалармен берілген, үлгіден тыс анықталған айнымалылар. Экзогенді айнымалылар эндогенді айнымалыларды анықтайды,бірақ олардың әсерінде болмайды. Яғни эндогенді және экзогенді айнымалылар арасында тек бір жақты стохастикалық қатынас бар.
Әрі қарай жоғарыда сипатталған эконометрикалық үлгілерге түсініктеме беріледі.
3. Алдын – ала анықталған айнымалылар.
а) жай экзогенді айнымалылар
б) кешеуілді экзогенді айнымалылар
в) кешеуілді эндогенді айнымалылар.
Біздің үлгіде алдын – ала анықталған айнымалылар экзогенділермен сәйкес келеді. Эндогенді және экзогенді кешеуілдеулі айнымалылар қатыспайды.
4. Өзара тәуелді айнымалылар. Өзара тәуелді айнымалы деп жай эндогенді айнымалыларды айтады. Олардың арасында көпжақты байланыс болғандықтан және эконометрикалық үлгінің біруақтылы теңдеулерімен анықталандықтан өзара тәуелді деп атаймыз.
Біздің үлгіде эндогенді айнымалылар (ақша айналысы мен ақша айналымы) өзара тәуелді айнымалыларды қатарында.
5. Ашулы немесе жасырын айнымалылар. Бұл айнымалылар теңдеуге кірмейді, бірақ өзара тәуелді айнымалыларға әсер етеді. Олардың табиғаты бір теңдеулі регрессияныкіне ұқсас.