Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты



бет79/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
kazedu 201595

Тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.
Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған, сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді.
Осы мәселе бойынша ұлт Көшбасшысы былай деді: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» .
Президент индустриялау және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту туралы өндіріс экологиялық таза, барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс деп атап өтті.
Біздің ең асыл табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет. 2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақмерзімді бағдарлама жасауды тапсырды.
Конституцияның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi» деп көрсетілген.
Президент өз Жолдауында: «Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет» деп, барлық азаматтарды табиғат және энергетикалық ресурстарды берекелі пайдалануға шақырған.
Шын мәнінде, бүгінгі күні өңіріміз үшін экологиялық мәселенің бірі-су ресурстарының тапшылығы және судың ластануы.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған барлық міндеттер біздің еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсарту мақсатында қабылданған. Ал әрбір азаматтың міндеті Елбасының Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Соған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасымен алдағы уақытта да біздің өңіріміздің табиғат байлықтарын қорғау бойынша және Президент Жолдауын жүзеге асыруда шаралар қабылдана бермек.
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты дәстүрлі жолдауының мазмұнына келетін болсақ:
І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
 ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
ІІІ. Қазақстан-2050 стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты
І тарауына келетін болсақ бұл жерде елбасымыз Қазақстанның осы кезге дейінгі жаңдайын мәлімдей отырып, 2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты деп айтты. Енді Қазақстанның алдымнда жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз деді Президент.
Екінші тарауға келетін болсақ яғни  ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ туралы толық айтылды. Елбасымыз қазіргі кездегі бүкіл әлемге қатысы бар актуалды проблемаларға тоқтады. Олар:
1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі
2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы
5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы
7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция
8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі.
Үшінші тарауда  Қазақстан-2050 стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытында келесі мәселелер қарастырылды:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет