Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет46/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Бруцеллез (Сарып)

1886 жылы Д.Брюс өлген адамның талағынан ұсақ коккобактериялар анықтаған, оны Micrococcus деп атаған. Оны 1896 жылы Б.Банг, 1914 жылы Ж.Траум, 1916 жылы Ивенс та анықтаған. Олар өте ұқсас болғандықтан Брюстің атымен бруцеллалар деп аталған.


Бруцеллалар қожайынының белгісіне байланысты әртүрлі болады:
1. Br. melitensis - үсақ малдар ауырады (қойлар, ешкілер)
2. Br. abortus - ірі кара малдар ауырады
3. Br. suis - шошқалар ауырады.
Бруцеллалардың эр түрі биоварларға бөлінеді. Br. Melitensis - 3 биовары бар. Br. Abortus - 9 биовары бар. Br. suis - 5 биовары бар. Адам үшін патогенді Br. Melitensis.
Морфология. Бруцеллез (сарып) коздыргыштары үсақ 0,6 -0,8*0,3 - 0,5 мкм таяқша немесе сопақша тэрізді. Қозғалмайды. Спора түзбейді. Нэзік капсуласы бар. Грам теріс.
Культивирлеу. Бруцеллалар - аэробтар. Қоректік ортаны талгайды. Жэй өседі (2-3 апта). Арнайы қоректік ортада өсіреді: сарысу - декстраз агар, агар картофель түнбасы сарысумен жэне канды агар, ЕПА бауырмен, ЕПС. Олар 37 градус температурада рН 6,8 - 7,2 өседі. Тығыз қоректік ортада нэзік, үсақ, томпак жалтыр S -түрлі колония құрады. Кейбір факторлардың әсерінен R - түрге өзгереді. Антибиотиктердің әсерінен 1 - түрі пайда болады. Сұйық қоректік ортада біркелкі лайлы болады.
Бруцеллаларды күкірттісутек қүруына және бояулы орталарда (фуксин, тиамин) өсуіне қарай ажыратады.
Ферментативті қасиеті. Бруцеллалар Д - рибозаны, Д -галактозаны, аланинді, аспарагинді ыдыратады. Кейбір штаммалары амин қышқылдарын аммиякқа дейін гидролиздейді. Бруцеллалар гиалуронидаза, каталаза, пероксидаза, липаза, фосфатаза құрайды. Токсинтүзуі. Эндотоксин түзеді. Сонымен қатар аллергендік қасиеті бар.
Антигендік қүрылымы. Бруцеллаларда 2 соматикалық қарсытек бар: А жэне М. Олар микроб клеткасының құрамына кіреді.
Br. Melitensis - те - М - қарсытегі.
Br. Abortus жэне Br. Suis - A - қарсытегі.
Сонымен қатар термолабильді Vi қарсытегі де анықталған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 100 градус температурада бруцеллалар бірден өледі. 60 градус температурада 30 минуттан кейін өледі. Төмен температураға төзімді. Күн сәулесі оларды өлтіреді. Ылғалды жерде 3-4 айға дейін сақталады. Сүт тағамдарында 40 - 45 күн, қатырған етте 5 айға дейін, топырақта және суда 3-5 айға дейін сақталады.
Жануарлар қабылдаушылығы. Бруцеллезбен негізінде ауьшшаруашьшық малдары, шошқалар, т.б. ауырады. Бруцелланың әр түрі белгілі бір жануарда ауру тудырады, сонымен қатар олар бір түрден екіншісіне ауысып отырады. Мысалы: Br. Abortus кіші малдарда да ауру тудырады.
Аурудың негізгі белгілері: үрғашы малда- аборт (түсік тастау) еркек малда-орхит (жүмыртқасының қабынуы).Сонымен қатар буындары зақымданады, арықтайды, жүні түседі. Бруцеллез жануарларда жасырын түрде болыд, аурудың таралуына мүмкіндік туғызады.
Тәжірибелік жануарлардан бруцеллезбен ақ тышқандар мен теңіз шошқалары ауырады.
Инфекция көзі. Ауру малдар.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы, түрмыстық - жанасу, ауа түйіршіктері.
Жанасу жолы: жануарлармен жұмыс істегенде, мал сойғанда, еттерін өңдегенде т.б. жүғады.Ауа арқылы: тыныс жолдарының кілегей қабаты, тері арқылы.
Тағамдар: жұқтырылган сүт тағамдары: сүт, брынза, ет, т.б.
Патогенез. Ағзаға еніп, лимфа жолдары арқылы қанға, сүйек миына, паренхиматозды мүшелерге өтеді жэне клетка ішінде орналасады. Ауру асқынғанда бруцеллалар клетка ішінен шығып қайтадан қанға түсіп, ауру қайталайды. Буындар қабынады, невралгия, табиғи аборттар болады.
Иммунитет. Фагоцитозбен жэне гуморальды факторлармен байланысты.
Алдын - алу шаралары. Жануарларды зерттеу, сүт жэне сі
комбинаттарында. Арнайы алдын - алу шаралары. Тірі вакцинамен иммундау. Емі. Антибиотиктер: левомицитин, эритромицин,
иммуноглобулин.
Ми робиологиялық зерттеу:
Зерттеу мақсаты. Бруцеллез коздыргышын аныктау.
Зерттеу материалы.
1. қап, 2. жұлын сұйықтығы, 3. сүйек миы, 4. зәр, 5. емшек сүті,
6. секциялық материал.
Негізгі зерттеу әдісі: 1. Серологиялық, 2. Аллергиялық 3. Биологиялық, 4. бактериологиялық
Қоректік орталар: 1. ЕПС, 2.ЕПА, 3. сарысу - декстрозды агар
4. қанды агар, 5. «Д» ортасы.
Түйнеме

Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracis Bacillus тұқымына жатады. 1849 жылы Паллендер ашқан. Ауруды зерттеуде Р.Кох, Л.Пастер жэне Л.С.Ценковский көп үлес қосқан.


Морфология. Түйнеме қоздыргышы - ірі таяқшалар 6-8*1 -1,5 мкм шеттері ойыс. Грам оң. Организмде жүптасып немес қысқа тізбекше болып орналасады. Қоректік орталарда ұзын тізбектері кездеседі. Түйнеме бациллалары қозғалмайды, организмде капсула түзеді. Спора түзеді, сопақша формалы микроб клеткасыныц ортасында. Оттегі жэне 30 - 40 градус температура болганда спора жақсы қүралады. Температура 43 градустан жоғары, 15 градустан томен болганда спора қүруы тоқталады.
Культивирлеу. Түйнеме коздыргыштары факультативті анаэробтар. Талғампаз емес. 35 -38 градус температурада рН 7,2 - 7,6 өседі. ЕПА - да шеттері тегіс емес, шашақты ірі колониялар түзеді (R - форма) колония шетінен жіпшелер кетеді. R - форма түйнеменің вирулентті штаммаларына тэн. S - форма вирулентті емес. Сорпада түйнеме бацилласы түбінде өседі, яғни пробирканың түбінде мақта тэрізді түнба пайда болады, ал орта мөлдір болып қалады. Пенициллин қосқан ЕПА - да өсім шарларға бөлінін кетеді. Өсімнің орталардағы сипатының диагностикалық мацызы зор.
Ферментативті қасиеті - белсенді. Қантыдырату қасиеті: глюкозаны, лактозаны, мальтозаны, левулезаны қышқылға дейін ыдыратады.
Белокыдырату қасиеті: сүтті пептондайды, желатинді ерітеді, сүтті ұйытады. Күкіртті сутек пен аммиак қүрады, нитратты нитритке айналдырады.
Диастаза, пероксидаза, липаза ферменттерін қүрады.
Токсинтүзуі - токсині - ісік және қаза факторы бар протеинді комплекс.
Антигендік қүрылымы. Түйнеме бацилласының 2 антигені бар:
1. соматикалық - микроб клеткасының қабыршағында орналасқан, температурага түрақты. Бүл антиген культурада және өлік материалында үзақ сақталады. Оның анықталуы Асколи преципитация реакциясы на негізделген.
2. капсула антигені - фагоцитозға қарсы эсері бар. Сонымен қатар тұйнеме бацилласының протективті антигені бар. Ол улы емес, бірақ иммундық қабілеті бар.
Крршаган орта факторына төзімділігі. Вегетативті формасы тұрақты емес. 100 градус температурада бірден өледі, 55 - 60 градус температурада 30 - 40 минуттан кейін өледі. Дезинфекциялаушы ерітінділер бірнеше минуттан кейін өлтіреді.
Түйнеме бацилласының капсуласы төзімді. Споралары да төзімді: қайнатқанда 15 - 20 минутка дейін сақталады. Автоклавта 20 минуттан кейін өледі. Томен температурага сезімтал емес. Қүрғақ түрінде 30 жылға дейін, топырақга жылдар бойы сакталады. Дезинфекциялаушы ерітінділер 2-3 тэуліктен кейін өлтіреді.
Жануарлар қабылдаушылыгы. Түйнеме бацилласына сиырлар, қойлар, жылқылар, шошқалар сезімтал. Олар бір - бірінен тамақ арқылы, спораларды жеммен жүтып, ауырады. Тәжірибелік жануардан - ақ тышқандар, теңіз шошқалары сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру малдар.
Таралу жолдары. Түрмыстық - жанасу, ауа - шаңдары, тамақ арқылы.
Патогенез. Қоздырғыш тері жэне тыныс, асқорыту жолының кілегей қабаты арқылы енеді. Жайылған жеріне байланысты тері, өкпе, ішек түрлері болады.
Тері формасы - енген жерінде қызару, бөртпе болады.
Бөртпе кызыл - мыс түрде, ішінде серозды - геморрагиялық сұйықтығы бар везикулаға айналады, ол кепкесін қара кабыршакка айналады.
Өкпе түрі - өкпенің ісінуі түрінде болатын арнайы қабынуы -
қазамен аяқталады. Ішек түрі - қабыну ішектің кілегей қабатында болады – қазамен аяқталады.
Иммунитет - тұрақты.
Алдын - алу шаралары. Жануарларда ауруды дер кезінде аныктау, оқшаулау, аймақты дезинфекциялау.
Арнайы алдын - алу шаралары. Ауылшаруашылық малдарымен жұмыс істейтін адамдарга вакцина жасау, жанасуда болған адамдарға түйнемеге қарсы иммуноглобулин, антибиотиктер егеді.
Емі. Түйнемеге қарсы иммуноглобулин, антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, тетрациклин. Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу максаты. Түйнеме қоздыргышын аныктау, қоздырғышқа қарсы қарсытекті анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Везикулдың, карбункулдың ішіндегісі; 2. Қақырық; 3. Нәжіс, 4. Қан, 5. топырақ, малдың жүні (Асколи реакциясын қою үшін)
1. микроскопиялық, 2. бактериологиялық, 3.биологиялық
Негізгі зерттеу әдісі:
Қоректік орталар: 1.аллергиялық, 2.асколи преципитация реакциясы, 3. ЕПА, 4.ЕПС, 5. желатин ортасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет