Белоктар
Жасушалардың сыртқы пішіні жағынан түрліше болуы және оның функциясында да айырмашылықтың байқалуы белоктарға байланысты. Белоктар – тірі жасушаның негізгі кұрамды бөлігі. Белоктарды протеиндер деп те атайды. Оның бұл аты гректің «протос», «алғашқы» деген ұғымды білдіретін сөзінен шыққан. Белоктың тіршіліктегі бірінші орындағы маңызын көрсетеді.
Белоктар жасушаның басты құрылыс материалы ғана емес, сонымен бірге жасушада жүретін барлық процестерді реттейді. Коссельдің, Гофмейстердің және Эмиль Фишердің жұмыстарынан кейін белоктардың аминқышқылдары-нан тұратыны анықталды.
Жасушада белоктардың саны өте көп. Ең кішкене және құрылысы жабайы бактериядағы түрлі белоктардың саны бір-екі мың, ал адамның жасушаларында 100 000-ға жетуі мүмкін. Белоктардың молекулалық массасы бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін ауытқиды. Табиғи белоктарда жиырма түрлі аминқышқылдар кездеседі. Жасушаларда басқа органикалық қосылыстарға қарағанда белоктар көп болады. Жасушалардың жалпы құрғақ массасының 50%-нен астамы белоктардың үлесіне тиеді. Белоктарда кездесе-тін аминқышқылдарының бәрі аминқышқылдар категориясына жатады. Табиғатта сирек болса да аминқышкылдарының Д-изомері де кездеседі, бірақ та олар еш уақытта белоктардың құрамында байқалған жоқ.
Белоктардың екі типі бар: фибриллалық және глобулалық. Ұзын жіп пішінді макромолекулалар тобы фибриллалық немесе мембраналық құрылымдарды құрайды. Глобулалық белоктар жасушаларды құрауда ерекше роль атқарады. Фибриллалық белоктар әдетте ерімейді. Глобулалық белок-тарда макромолекулалардың топтары көбінесе жеке немесе жиналып орнала-сады. Олардың әрқайсысы құрамында кем дегенде 200 аминқышқылы бар тәртіпсіз шатысып жатқан жіптерге ұқсайды. Глобулалық белоктардың көпшілігінің бетінде химиялық белсеңді топтар болады. Олар маңызды рөл атқаратын энзимдер. Протеиндік макромолекулалар липидтермен, көмірсу-лармен қосылады. Сонымен құрылымдық және функционалдық маңызы өте үлкен макромолекулалардың комплекстері қалыптасады.
Гистоңдар мен протаминдер жасушалық механизмдерде маңызды рөл атқаратын негізгі протеиндер. Суда ерімейтін глобулиндер өте көп. Олар миозин, тиреоглобулин, фибриноген. Глобулиндердің құрамында гликокол (глицин) болады.
Ерімейтін және азды-көпті гидролизденетін склеропротениндерге коллаген, серицин, жібектің фиброині және эластин жатады. Белоктар мен көмірсулардан түзілген заттар гликопротеидтердің тобына кіреді. Мысалы, муцин мен мукополисахаридтер және күрделі белоктар. Белоктардың алуан түрлі болуы оларга тірі организмде құрылымдық және метаболизмдік функциялар атқаруға мүмкіншілік береді. Адам организмінде 10 000 астам түрлі белоктар бар, олардың бәрі бірдей стандарттық аминқышқылдарынан құралған. Белоктардағы аминқышқылдарының кезектесуі оның биологиялық функциясын анықтайды. Жасушалар мен ұлпаларда 170-тен астам түрлі аминқышқылдары байкалады, бірақ та белоктардың құрамында бәрі бірдей кездеспейді. Бұл аминқышқылдарының көпшілігі белоктарда болатын аминқышқылдарының туындысы , және аминқышқылдары да мәлім. Белоктардың кұрамында олардың 26-сы ғана байқалады, бірақ та 20 аминқышқылы белоктың әдеттегі компоненттері. Жануарлар жасушалары аминқышқылдарын синтездей алмайды. Біздің жасушаларымыз өзіне меншікгі белоктарды аминқышқылдарынан құрастырады.
Белоктар алуан түрлі функциялар атқарады: химиялық реакцияларда катализаторлардың міндетін атқарады; жиырылғыш жүйелердің құрамына құрылымдық элементтер ретінде кіреді; қоректік заттардың қоры да болады; түрлі заттарды тасымалдауға қатысады; гормондар мен қорғаушы агенттер-дің міндетін атқарады. Организмге түскен антигенге жауап ретінде омыртқалыларда иммуноглобулиңдер немесе антиденелер пайда болады. «Антиген», «антисоматоген» (гректің анти – қарсы, сома – дене, геннан – құраушы) деген сөздің қысқартылуынан пайда болған. Аудармасы «антиденені құраушы».
Антиденелер өздігінен пайда болмайды, антиген болған жағдайда ғана пайда болады. Антиденелер – белоктар ( - глобулиндер).
Достарыңызбен бөлісу: |