Лекция кешендері


Көшбасшылық және жауапкершілік



бет10/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих
лек жаңарт тарих
Көшбасшылық және жауапкершілік
Басқаларды бағыттау және жетелеу

  • Басқаларды мақсатқа жетелеу және ықпал ету үшін жеке тұлғалық және проблеманы шешу дағдыларын қолдану

  • Ортақ мақсатты іске асыру үшін басқалардың артықшылықтарын барынша пайдалану

  • Өзі үлгі болу және жанқиярлығы арқылы басқаларды биік жетістікке жетуге жігерлендіру

  • Ықпал мен күш-жігерді пайдалануда адалдық пен әдепті мінез-құлық таныту

Басқалар үшін жауапты болу

  • Жалпы қоғам мүддесіне жауапкершілікпен қарау.



Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп аясында ұлттық сана қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

3-4 Лекция тақырыбы: Тарих сабақтарында тиімді оқыту және оқу


Тарих сабақтарында тиімді оқыту және оқу тәсілдері. Белсенді оқу әдістерін қолдану. Диалогтік оқыту. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Тиімді сұрақтар. Ойлау дағдысының деңгейлері, Блум таксономиясы
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Жаңартылған мазмұнда білім берудің мақсаты - негізгі кең ауқымды дағдыларға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Негізгі кең ауқымды дағдыларға жатады:

  • білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

  • сыни ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

  • әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;

  • топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

  • проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауы

Аталмыш дағдыларды дамытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылады да, олар пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.

  • құндылықты-бағдарланған;

  • әрекетті;

  • тұлғалық-бағдарланған;

  • кіріктірілмелі;

  • коммуникативті

Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған.
Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылықен пайдалануға дайындық қалыптастыруға бағдарланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет