Лекция кешендері


Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар



бет46/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих
лек жаңарт тарих
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:
Тапсырма
Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.
Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.
Ресурстар
Ресурстар арқылы саралау әдісі — тиімді әдістердің бірі. Бұл әдісті қолдануда сыныптағы кейбір оқушылар басқаларға қарағанда әлдеқайда күрделі әрі ауқымды ресурстармен жұмыс жасауға бейім болатынын ескерген жөн және осы арқылы тақырыпты әртүрлі қырынан ашу үшін түрлі оқу материалдарын пайдалануға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, кейбір оқушылар сабақта негізгі мәтінмен жұмыс жасаумен шектелсе, қабілеті жоғары оқушылар жетілген деңгей сөздіктерімен және күрделі идеялармен жұмыс жасауға қабілетті болады. Саралаудың бұл түрі барлығына ортақ оқу нәтижелеріне жету үшін, оқу материалдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік береді.
Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.
Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.
Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын
Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.
Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.
Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Нәтиже
Нәтиже дегеніміз — сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін көрсету әрекеті. Ол тест, жоба, баяндама немесе басқа да жұмыс түрінде ұсынылуы мүмкін. Оқушының оқу стилі мен қалауына сәйкес мұғалім әрбір оқушының нәтижені қандай формада ұсынатынын тиімді ұйымдастыруы қажет.
Оқу нәтижесі бойынша саралап оқыту мысалдары:
Кітаптың мазмұны бойынша оқу және жазу тапсырмалары;
Визуалдарға мәтін бойынша графикалық органайзер жасату;
Аудиалдарға мәтін бойынша ауызша баяндама жасату;
Кинестетиктерге мәтін желісі бойынша сахналық көріністер дайындату, т.б.;
Нәтиже арқылы саралау дегеніміз — барлық оқушыларға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтижелер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалға, мұғалім барлығына жалғыз «дұрыс» жауабы бар бір тапсырманы ұсынғанымен, оқушылар қабілетіне қарай ол жауапты өзіндік тұрғысынан түрлендіруі мүмкін. Әйтсе де, кейбір мұғалімдер бұл әдісті қолдану арқылы қабілеті төмен оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейінің төмендеп кету қаупі барын айтады, алайда мұндай тәуекелге бару мұғалімнен тапсырманы орындауда барлық оқушыларға нұсқаулықтың айқын берілуін талап етеді.
Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет