Лекция кешендері



бет45/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих

Саралау тәсілдері
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Міндеттері:
1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
Бірінші деңгей «үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. 
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.
Деңгейлеп-саралап оқытудың негізгі бағыттары: оқушыларды қабілеті бойынша топтау, кәсібі бағдар бойынша топтау; сынып ішінде саралау. Жалпы білім беретін мектептерде саралап оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде саралаудың маңызды түрі – деңгейлеп саралап оқыту. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың саралануы материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді талдауға мүмкіндік табады. Сонымен бірге оқушының төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
• Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
• Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
• Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
• Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
• Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
• Оқушы белсенділігінің оянуы;
• Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
• Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
• Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынастың орнауы.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
• Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
• Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
• Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
• Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
• Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
• Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет