«Пікір алысу» стратегиясы.
Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
«Әңгіме» стратегиясы.
Өзіне - өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
мотивацияның артуы;
дербес іс - әрекеттің артуы;
ойлаудың белсенді болуы;
оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан - жақты дамуы;
логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.
№ 7-8 лекция тақырыбы: Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер. Саралап оқыту тәсілдерін қолдану. Оқу үдерісінде АКТ қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |