Лекция кешендері


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



бет58/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі. Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді.
Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге: • оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады. Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Мұғалімнің бағалауы Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты. Өзін-өзі бағалау Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады.
Өзін-өзі бағалауды өткізу мақсаты өз оқуына болжам жасау
Сіздің оқуыңыздың күшті/әлсіз жақтары қандай?
Өз жетістігіңізді/ нәтижеңізді/ ілгерілеуіңізді сіз қалай бағалайсыз?
Өз оқуына жауапты болу Сабақта оқу/күтілетін нәтижеге жету үшін сіз не істедіңіз? Қалай ойлайсыз, сіздің бағаңыз әділ ме? Білімі мен дағдысындағы кемшіліктерді анықтау Берілген тапсырмалардың барлығын орындадыңыз ба? Егер жоқ болса, неге орындамадыңыз? Тапсырманы орындау кезінде ең қиын болған тұсы қайсы? Келешектегі оқуы үшін нақты мақсатты анықтау Жұмысты жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз? Күтілетін нәтижеге жету үшін сіздің не істеуіңіз қажет? Өз оқуындағы өзгерістерді қадағалау Бұрын білмегендеріңіздің ішінен қазір нелерді білесіз? Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. арқылы да көмек беруіне болады.
Өзара бағалау Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы. Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады. Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын, 16 қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады. Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін көрсетеді. Білім алушылардың өзара бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлін атап өту қажет. Мұғалім білім алушылардың өзара бағалау мақсатын түсінетініне, сыныптағы мәдениетті сақтап, дамытатынына, өзара бағалауда нақты болжалды ұсынатынына көз жеткізуі керек. Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау беруі ғана емес, мүмкін болатын салдарларды қадағалауы да маңызды. Мұнда өзара бағалау білім алушылардың нәтижелерін жетілдіруге мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма және т.б. сұрақтар қойылуы қажет. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері. Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. (4-қосымша). Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар. Ашық сұрақтар талдауды және бағалау ақпараттарын талап етеді, қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады. Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б. Сұрақты дұрыс қойғанда өз ойын айтуға, ақпарат алмасуға, 17 диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін. Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет. Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін (Геффрой Э. К., 1997). Осындай қателіктердің алдын алу үшін:
• негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және басқа да сұрақтарды қою;
• егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;
• сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;
• әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыру;
• оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын, күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады. Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады. Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай 18 жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс. Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарымқатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды. Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс.
Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
жаңа идеяны тұжырымдауды;
• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
• идеяларды бағалауды;
• топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
• сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады. Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет