Жиынтықбағалаумұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі ) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау, өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей əсер ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет.
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
Оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;
Білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
Білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;
Білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
Білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің əрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нəтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни əр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тəжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жəне жоспарлау;
Қалыптастырушы бағалау əдістерін таңдау;
Қалыптастырушы бағалау нəтижелерін талдау;
Кері байланыс беру;
№ 13-14 лекция тақырыбы: Қалыптастырушы бағалау үдерісі.