Ішекқуыстылар типі - Coelenterata (cnidaria)
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты жануарлар тобына жатады.
Екіншіден - энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытары. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген. Белгілердің тағы біреуі- сәулелі симметриясының болуы. Жоғарыда айтылғандай, ол өмір бойғы немесе тіршілік циклінің бір ғана кезеңіндегі тіркелмелі немесе суда қалқып жүзіп тіршілік етуінің және қоршаған ортаның тұрақты әрі бірқалыпты ықпал етуінің салдары. Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік ету жағынан ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін медузалар болып топтасады. Полиптердің денесі көбіне цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады. Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі болс , ол- полиморфты, ал бірдей болса- мономорфты колония болады. Медузалар- жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Коллония құрмайды.Ішекқуыстылардың тағы бір ерекшелігі атқыш және нерв клеткаларының болуы. Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы - метагенез арқылы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |