Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет11/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Негізгі ұғымдар:

Мезоглея, оскулум, пинакоцит, хоаноцит, склеробласт, спонгиобласт, аскон, сикон, лейкон, целобластула, паренхимула, полиптер, метагенез.



Негізгі сұрақтар:

Губкалардың клеткасы және олардың функциясы.

Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы.

Губкалар морфологиялық құрылысы жағынан қанша типке бөлінеді?

Губкалар қандай жолдармен көбейеді?

Нағыз көп клеткалар дене симметриясына қарай қанша бөлімге бөлінеді?



Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтарымен айырмашылықтары қандай?
Тақырып 6 Үш қабаттылар. Сипаттамасы, систематикасы. Билатериалды симметрия. Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

Мақсаты: Үш қабатты, екі жақты симметриялы жануарлардың құрылысымен танысу.

Жануарлардың дене бөлімдері, не мүшелері бір орталық діңгектің төңірегін айнала, не бір жазықтық бағытында белгілі тәртіпте орын алып жатады. Бұл дене симметриясы. Жануарлар дүниесінде бірнеше симметрия типтері бар. Солардың ішінде ең негізгісі радиальды және билатериальды симметрия.

Сәулелілердің денелері шар, цилиндр тәрізді. Жануарлардың бекініп тіршілік етуіне байланысты немесе суда қалықтап жүзуіне және қоршаған ортаның оған жан – жағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері орталық діңгектің төңірегінде шашыраған сәулелер сияқтанып, дененің сәулелі симметриясын құрайды.

Билатериалды симметрия жануарлардың кеңістікте денесінің бір жағымен үнемі алға қарай жорғалап не жылжып жүруіне байланысты пайда болады. Билатериалды симметриялы жануарлар үш қабатты жануарлар тобын құрайды. Бұлардың эмбрионалдық даму кезінде үш ұрық жапырақшалары түзіледі: эктодерма, энтодерма екеуінің аралығына мезодерма. Осы жапырақшалрдан тканьдер мен мүшелер дамып жетіледі. Билатериалды симметриялы үш қабатты жануарлар тобына келесі типтер жатады: жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар, қармалауыштылар, тікентерілілер, погонофоралар, қылтанжақтылар, жартылай хордалылар және хордалылар жатады.

Билатериалды симметрия жануарлардың ұрықтық даму барысында дене қуысының және мезодерманың түзілуіндегі ерекшеліктеріне байланысты қуыссыздар немесе бірінші қуыстылар – Acoelomata және целом қуыстылар - Coelomata; алғашқы реттік ауыздылар – Protostomia және екінші реттік ауыздылар – Deuterostomia топтарына бөлінеді.

Acoelomata тобына төменгі сатыдағы құрттардың типі жатады; жалпақ құрттар , немертиндер және жұмыр құрттар. Жалпақ құрттарда және немертиндерде дене қуысы болмайды, олардың ішкі мүшелерінің аралығын паренхима толтырып тұрады. Жұмыр құрттарда дене қуысы бірінші қуыс - схизоцель.

Coelomata тобына буылтық құрттардан бастап қалған типтердің барлығы жатады. Бұларда целом деп аталатын дененің екінше реттік қуысы болады. Бұл қуыс мезодермадан пайда болған ерекше (перитонеальды) эпителимен астарланған.

Алғашқы реттік ауыздылар – Protostomia тобындағы жануарлардың эмбриональдық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластикалық жолмен дамиды. Protostomia тобына жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар типтері

ұрықтың бластопора тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады. Мезодерма энтероцельдік жолмен дамиды, яғни мезодерманың бастамасы гаструланың энтодерма қабатынан домалақтанып, сомиттарға айналып бөлініп шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет