Желбезектыныстылар тип тармағы – Branchiata. Хелицералылар тип тармағы – Chelicerata.
Шаянтәрізділер класының құрылысымен танысу.
Желбезектыныстылар суда тіршілік ететін буынаяқтылар. Желбезектері арқылы тыныс алады. Бас бөлімінде Бас бөліміндеекі жұп мұртшалары бар, яғни антеннулалары және антенна. Осы тип тармағына шаянтәрізділер жатады.
Шаянтәрізділер тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-дейін. Бұлардың ерекшелігі; екі жұп мұртшалары және аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған.Мұндай аяқ екі буыннан протоподит пен базиподит және екі буындалған бұтақтан - экзоподит және эндоподитен тұрады. Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Шаянтәрізділердің басы акрон және төрт сегменттен құралған. Акронның өсіндісі – антеннула, басының алдыңғы бөлімінде орналасып, иіс сезу мүшелері кейде жүзу ұшін де жұмсалады. Акроннан кейінгі төрт сегменттің әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары орналасқан. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып - антенна деп аталатын мұртшаға айналған. Бас аяқтарының екінші жұбы - мандибуллалары тамақ үгіту қызметін атқарады. Мандибулалардан кейін 3- ші және 4-ші сегментерінде 2 жұп астыңғы жақтары орналасқан. Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің акрон және 4 сегменттері қосылып бас қалқаншасына - гнатоцефалонға айналған. Өзен шаянында бас қалқаншасына үш кеуде сегментімен біріккен. Қоректі үгіту қызметін атқарады, сондықтан жақ аяқтары деп атайды.
Жоғарғы сатыдағы шаяндарда сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлімінде – 8, құрсақ бөлімінде – 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда 18-ге тең.
Шаянтәрізділердің бүкіл денесі хитинді кутикуламан қапталған.
Ас қорыту жүйесі: ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден түрады. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде өсінділер болады, бұларды бауыр қосалқысы деп атайды.
Зәр шығару жүйесі екі жұп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы шаяндарда болады, қалғандарында максиллярлы.
Тыныс алу жүйесі аяқтарымен байланысты. Ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшесі жоқ, бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер.
Қан айналу жүйесі ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері - синустарға құйылады.
Нерв жүйесі жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина – коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған.. Жұтқыншақ үсті ганглиясы үш бөлімнен құралған: алдыңғы – протоцеребрум, ортаңғы - дейтоцеребрум және артқы - тритоцеребрум.
Шаянтәрізділер дара жыныстылар. Жұмыртқалардың ұрықтануы сырттай.
Достарыңызбен бөлісу: |