Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет21/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Негізгі ұғымдар: хелицера, педипальпалар, Мальпигий түтікшелері, коксальды бездер, трахеялар, остиялар.

Негізгі сұрақтар:

1.Өрмекшітәрізділердің басқа буынаяқтылардан айырмашылық ерекшеліктері неде?

2.Өрмекшітәрізділердің морфологиялық белгілері.

3.Өрмекшітәрізділердің сезім мүшелері.

4.Кенелердің өрмекшілерден айырмашылық белгілері.

5.Құршаяндардың өрмекшілерден айырмашылық белгілері.

Насекомдар класының құрылысымен танысу.

Жануарлар дүниесіндегі ең көп таралған түрлер – насекомдар. Насекомдар класына 2 миллионан аса түрлер жатады. Насекомдардың ең басты ерекшелігі – денесі айқын үш бөлімнен құралған: бас (cranium),

кеуде (thorax), және құрсақ (abdomen), үш жұп немесе алты аяғы бар (алтыаяқтылар деген аты да осыдан), тек қана трахея (кеңірдек) арқылы тыныс алады және көпшілігі кеуде ұшуға бейімделген.

Басы акроннан (acron) және бірігіп кеткен төрт сегменттен құралған. Бірінші– интеркалярлы (латынша inter– аралық) сегменті редукцияға ұшыраған, аяқтары жоқ. Екінші– мандибулярлы сегменттің жұп аяғы бір буынды жоғарғы жақ аппаратына немесе мандибулаларға айналған, үшінші – максиллярлы сегменттің жұп аяғы буынды төменгі жақ немесе максилла – I, ал төртінші – лабиальды сегменттің жұп аяғы буынды төменгі ерін (labellum) немесе максилла–II ауыз аппаратына айналған.

Басының алдыңғы жағында маңдайында екі мұртшасы (antennae), екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері орналасқан. Насекомдардың екі мұртшасы немесе антеннасы акронның өсіндісі, бірнеше буыннан құралып, негізінде дәм және иіс сезу мүшесіне айналған. Мұртшалардың түрі әр қилы :жіп тәрізді, қыл, тақта, ара,тарақ, ұршық, түйреуіш, қауырсын, таспих тәріздес. Акронға жалғасқан төрт сегменттерінің аяқтары түрі өзгеріп , ауыз аппаратына айналған. Қоректік заттардың түрлеріне және қоректену тәсілдеріне байланысты ауыз аппараты кеміргіш , кеміргіш – жалағыш , кеміргіш – сорғыш , шанышқыш – сорғыш , сорғыш , жалағыш тағы басқа типтес болып келеді .

Кеуде (thorax ). Насекомдардың кеуде немесе көкірек бөлімі үш сегменттен тұрады: алдыңғы кеуде (protothorax), ортаңғы (mesothorax), және артқы (metathorax). Үш сегменттің әрқайсысында бір–бір жұп буындалған аяқтары болады. Сонымен қатар, ортаңғы және артқы сегменттерінде бір–бір жұп қанаттары орналасқан. Тек қосқанаттылардың артқы кеуде сегменттіндегі қанаттары рудиментті болып, ызылдауыққа айналған.

Насекомдардың үш жұп аяқтарының құрылысы бірдей болып келеді және бес буыннан тұрады: жамбасша (coxa) кеудеге тіркелетін буын; ұршықбас (trochanter); сан (femur); сирақ (tibia). Сан мен сирақ негізгі ұзын буындар. Ең соңғысы табан , ол 2-5 буыннан құралған. Табанның соңғы буынында екі тырнағы болады. Қосқанаттыларда тырнақтарының арасында жұмсақ жастықша тәрізді төмпешіктері болады, олар пульвилалар (pulvilla) және эмподиялар (empodium). Солар арқылы, мысалы, масалар, шыбындар үй төбесінде жабысып тұрады.

Насекомдардың тіршілік ету жағдайларына және қозғалуына бейімделе дамыған аяқтары әр түрлі типтес: жүргіш, жүгіргіш аяқтары ( тарақандарда, қоңыздарда және т.б.); секіргіш ( шегіркелерде, шекшектерде, бүргелерде); жүзгіш (жүзеген қоңыздарда); жинағыш ( бал арасында); қазғыш ( бұзаубастарда, қоңыздарда және т.б.); ұстап алғыш ( дәуіттерде).

Құрсақ (abdomen). Насекомдардың құрсағы өзара ұқсас сегменттерден тұрады. Төменгі сатыдағы насекомдардың құрсағы 11 сегменттен және тельсоннан құралған (Protura отряды), ал қалғандарында құрсақ сегменттері бір-бірімен қосылып, саны 9-10 (тікқанаттыларда) немесе 4-6 –ға дейін (жарғаққанаттыларда, қосқанаттыларда) қысқарған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет