Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы



бет17/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы.

Буынаяқтылардың денесі кутикуладан қабатымен қапталған. Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин - өспейтін, қышқылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде ерімейтін берік зат. Бұл терминді 1823 жылы француз ғалымы Л. Одье Ұсынды. Хитинді түлеу кезінде проторокальды бездері экдизон деген зат бөліп, сол экдизон хитинді ерітіп, кутикула жарылып, жануар ескі жабындысын тастап, түлейді. Буынаяқтылардың денесі гетерономды. Гетерономды сегменттер бірігіп, бір типті сегменттерді құрайды, оларды тагма деп атайды. Буынаяқтылардың денесі үш тагманы құрайды. Бас, кеуде және құрсақ. Баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұратын тагма шаянтәрізділер мен өрмекшітәрізділерде, бас және тұлға көпаяқтыларға, ал бас, кеуде және құрсақ – насекомдарға тән. Басы акрон және төрт сегменттерден құралған. Акронда сезім мүшелері: антенна немесе мұртшалары, күрделі фасеттік көздер және қарапайым көзшелер орналасқан, тек өрмекшітәрізділерде антенна жоқ. Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель.

Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады.

Зәр шығару жүйесі – Мальпиги түтігі (көпаяқтылар мен насекомдар), антеннальды және максиллярлы (шаянтәрізділерде), коксальды бездер (өрмекшітәрізділерде).

Буынаяқтылардың ортаға бейімделіуіне байланысты желбезек (шаянтәрізділерде), өкпе мен трахеа (өрмекшітәрізділерде) және тек трахеа (көпаяқтылар мен насекомдар).

Қан айналу жүйесі – көпкамералы жүректің пайда болуымен ерекшеленеді, ол перикардия деп аталатын жүрек қабы ішінде орналасқан. Жүректен шыққан қолқа және артерия қан тамырлары дене бөлімдерінде үзіліп,қан аралас қуысына құйылады. Буынаяқтылардың қан айналу жүйесі ашық және қаны гемолимфа.

Нерв жүйесі –жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты ганглиядан, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасыұзына бойы ганглиядан құралған құрсақ нерв тізбегінен тұрады. ганглия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет