Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет15/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Негізгі ұғымдар: нематодтар, схизоцель, ортогон, бульбус, тангорецепторлар, хеморецепторлар, фоторецепторлар.

Негізгі сұрақтар:

1. Жалпақ және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

2. Алғашқы қуыс дегеніміз не?

3. Аскариданың жүйке жүйесімен, зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?

4. Жұмыр қ.ұрттардың маңызы.


Тақырып 9. Буылтық құрттар типі (Annelida)

Мақсаты: Буылтық құрттардың құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

Буылтық құрттар типі жоғарғы сатыдағы, целом қуысты жануарлар. Бұлардың денесі кезектесіп, қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес келеді. Денесінің екінші қуысы немесе целом бірінші қуысты ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Целомның қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.

Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы және аналь тесігі мен бітетін артқы ішектен тұрады.

Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.

Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.

Жыныс жүйесі гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмытқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз жолымен бөлінеді. Личинкасы трохофора.

Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше мм-ден 2,5 метрге дейін. Буылтық құрттар тұщы суларда, топырақтарда кездеседі және паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар. Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер – Aclitellata және белдеулілер - Clitellata.

Белдеусіздер тип тармағына – теңіздерде тіршілік ететін, дара жынысты, жыныс сегменттерінде белдеулері жоқ, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бір класс жатады – көпқылтандылар. Белдеулілер тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродитті және жыныс сегменттерінде белдеулері бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Бұларға екі класс жатады: азқылтандылар және сүліктер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет