Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


І. Қандауыршаның омыртқасыздарға ұқсас белгілері



бет36/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
І. Қандауыршаның омыртқасыздарға ұқсас белгілері:

  1. Денесінің екі жақты симметриялы болуы.



  1. Кейбір мүшелерінің (бұлшықеттерінің, нефридия түтікшелерінің т.б.) метамерлі өзара ұқсас бөліктерден түзілуі.



  1. Екінші реттік дене қуысының (целом) пайда болуы.

  2. Екінші реттік ауыз қуысының пайда болуы.

  3. Қанайналым жүйесінің буылтық құрттарға ұқсас тұйық болуы.

  4. Сырттай ұрықтануы.

  5. Кейбір омыртқасыздарға ұқсас пассивті тіршілік етуі т.б.

ІІ. Қандауыршалардың омыртқалы жануарларға ұқсас белгілері:

  1. Ішкі қаңқаның қызметін атқаратын арқа хордасының (желісі) болуы.



  1. Орталық жүйке жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігінің хорданың үстіңгі жағында ұзына бойы орналасуы.



  1. Жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңлауларының болуы.



  1. Қанайналым жүйесінің орталық мүшесі болып саналатын жүрегінің қызметін атқаратын құрсақ қолқа қантамырының құрсақ жағында орналасуы.

  1. Асқорыту мүшелерінің хорданың астыңғы жағында орналасуы т.б.

Қандауыршалар шығу тегіне, дене құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жануарлар дүниесінің хордалылар (желілілер) типіне жатқызылады.

Қандауыршалардың хордалы жануарларға тән белгілері – хорда, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары, қанайналым жүйесінің тұйық болуы, ұрығының дамуы т.б. оларда өмір бойы сақталады.

Қандауыршаларды XYII ғасырдың соңында Петергбург Ғылым Академиясының академигі, ұлты неміс Петр Симон Паллас (1741-1811) Қара теңізге жасаған экспедициясы кезінде тапты. Ол қандауыршаларды ұлулардың бір түрі деп есептеді. Бірақ ол қандауыршаның құрылыс ерекшеліктерін зерттеп, оны балықтардың ең қарапайым түрі болуы да мүмкін деп қорытынды жасады.

Қандауырша ғылымға белгілі болғаннан кейін 60 жыл өткенде көрнекті орыс ғалымы

эмбриолог Александр Онуфриевич Ковалевский (1840-1901) қандауыршаның ұрығының дамуын мұқият зерттей отырып, омыртқасыздар мен омыртқалы жануарларды байланыстырып тұрған орнын анықтады және оның хордалылар типіне жататынын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Ол қандауыршаның ұрығының дамуын басқа омыртқалы жануарлардың ұрығының дамуымен салыстыра зерттеді. А.О.Ковалевскийдің зерттеулерінен кейін қандауыршаны зерттеуге көптеген биолог ғалымдар ерекше көңіл бөлді. Ал, философ ғалымдар жануарлардың тарихи даму заңдылықтарын дұрыс түсіндіру үшін қандауыршаның құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне ерекше мән берді. Бірақ та қандауырша ғылымға белгілі болғанымен оның табиғаттағы жүйелік орны тағы да 100 жылдай уақыт бойы нақты анықталмай келді.

Кейіннен қандауыршаның құрылысы айрықша зерттеліп, оның арқа тұсында серпінді ішкі қаңқаның қызметін атқаратын әрі ұрықтың дамуы кезінде ішектің арқа тұсынан бірте-бірте бөлініп пайда болатын әрі ол өмір бойы сақталатын арқа хордасы (желісі) болатындығы анықталды. Мұндай арқа хордасы басқа да омыртқалы жануарлардың жеке жүйелік топтарының ұрығының дамуының бастапқы кезеңінде пайда болатындығы да анықталды. Соныменен, барлық омыртқалы жануарлардың ұрығының дамуы кезінде алғашында арқа хордасы болатындығы, ұрықтың кейінгі даму барысында хорданың орнына не шеміршектен немесе сүйектен тұратын омыртқа жотасы дамитындығы дәлелденді.

Хордалылар типінің қабықтылар (личинкахордалылар) тип тармағына жататын жануарлардың да ұрығының дамуын басқа омыртқалы жануарлармен салыстыра отырып зерттеу барысында олардың да личинкалық дамуы кезінде хорда пайда болатындығы, бірақ ересектерінде хорданың жойылып кететіндігі дәлелденді. Сондықтан да, оларды өз алдына хордалылардың жеке личинкахордалылар (немесе қабықтылар) тип тармағына топтастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет