Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы



бет37/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы.

Сыртқы көрінісі. Ланцетник - ұзындығы 6-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, басы мен құйрық бөлімдері үшкір, мөлдір келген жануар. 30-ға жуық түрі белгілі. Олар жылы теңіздердің жағалауға жақын таяздау құмды жерлерінде денесінің алдыңғы ұшын сыртқа шығарып, уақытының көпшілігін құмға көміліп тіршілік етеді. Ланцетниктер жарықтан тітіркеніп, түнгі уақытта белсендірек болады. Олар үшін судың температурасы 12-17 ден 30° С және тұздылығы 23 тен 31°/00.

Құйрық жүзбеқанатының пішіні медициналық құрал ланцетке ұқсағандықтан жануардың атауы ланцетник деп аталған. Ланцетниктің денесінің алдыңғы жағында ауызалды шұрығы, айналасында сезгіш қармалауыштары болады. Денесінің дорсальды жағында сыңар арқа жүзбеқанаты құйрық қанатымен түйісіп, құйрық асты жүзбеқанатымен аяқталады. Ауызалды шұрығының арт жағынан басталып, ланцетниктің құрсақ жағының екі жағын бойлай, бір-біріне параллель орналасқан, екі метаплевральды немесе терілі қатпар болады. Бұлардың артқы ұштарының бір-бірімен қосылған жерін атриопор тесігі немесе су шығатын тесік деп атайды. Атриопордан ары қарай құйрық асты немесе аналь қанатының оң не сол жағында аналь тесігі орналасады.

Қорытып айтқанда, ланцетниктің денесі айқын бөлімдерге жіктелмеген, жұп жүзбе қанаттары жоқ, терісінің сырты жалаңаш және шырышты бездерге бай болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет