Сабақтың мақсаты: қандауыршаны мысалға ала отырып, бассүйексіздердің систематикалық жағдайымен, сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Бассүйексіздердің омыртқасыздармен ұқсастығы
Қандауыршаның зерттелу тарихы
Қандауршаның асқорыту, тыныс алу, зәр зығару, жыныс жүйесі, қан айналым, жүйке жүйелері.
Практикалық маңызы
КІЛТТІК СӨЗДЕР: атриопор, кутикула, жүйке түтігі, Гессе көзшелері, невроцель, нефридия түтікшелері, метаплевральды қатпар, эндостиль, миомер, миосепта.
Жануарлар дүниесі шығу тегіне, құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты омыртқасыз және омыртқалы жануарлар деп алғаш рет екі топқа бөлуді ұсынған француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829). Жануарлар дүниесін шартты түрде осылай екі топқа бөлу осы күнге дейін қолданылып келеді.
Жануарлар дүниесі (патшалығы) бір жасушалылар (қарапайымдар) және көпжасушалылар деп екі
Көпжасушалы жануарларды құрылыс ерекшеліктері мен дене симметриясының өзгешеліктеріне сәйкес екі қабатты, сәулелі симметриялы және үш қабатты екі жақты симметриялы жануарлар деп үлкен екі топқа бөледі. Екі қабатты сәулелі симметриялы жануарларға – ішекқуыстылар мен тікентерілілілер типтері жатады. Денесі үш қабатты екі жақты симметриялы жануарлар құрылыс ерекшеліктеріне байланысты алғашқы (бірінші реттік) ауызқуыстылар және екінші реттік ауызқуыстылар деп екі топқа бөлінеді.
Алғашқы (бірінші реттік) ауызқуыстыларға – жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар, ұлулар және буынаяқтылар типтері жатады.
Ал, екінші реттік ауызқуыстыларға – тікентерілер мен хордалылар (желілілер) жатады. Қандауыршалар (ланцетниктер) хордалы жануарлардың ең қарапайым бассүйексіздер (Acrania) тип тармағына жатады. Қанауыршалардың құйрық жүзбе − қанаттарының пішіні үшкірленіп келген екі жағы да ұстараға ұқсас өткір медициналық құрал- қандауырға (ланцет) ұқсас болғандықтан солай аталған.
Қандауыршалардың қалдықтары палеозой заманы кембрий кезеңінің бұдан 540-505 млн. жыл бұрынғы геологиялық шөгінді жыныстарының арасынан табылған. Сондықтан да, зоолог-ғалымдар қандаушаларды ежелгі геологиялық заманнан тіршілік етіп келе жатқан нағыз тірі табиғат ескерткіштері деп орынды атайды.
Қандауыршаның құрылысындағы кейбір белгілері омыртқасыз, ал кейбір белгілері омыртқалы жануарларға ұқсас болып келеді. Сондықтан да зоолог – ғалымдар қандауыршаларды омыртқасыз және омыртқалы жануарларды бір- бірімен байланыстырушы аралық «звено» деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |