Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Хордалы жануарлардың (желілілердің) жүйеленімі



бет31/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Хордалы жануарлардың (желілілердің) жүйеленімі

Тип


Хордалылар -(Хордовые)

I. тобы (группа)










I.тобы (группа)













Төменгі сатыдағы хордалылар




Жоғары сатыдағы хордалылар



















1 тип тармағы (подтип)




2 тип тармағы(подтип)




3 тип тармағы (подтип)













Бассүйексіздер –Acrania

Қабықтылар немесе




Омыртқалылар –Vertebrata немесе




личинкахордалылар




Бассүйектілер –Craniata (черепные)




(Urochordata (Tunicata)



















1 класс: Басхордалылар

1 класс: Асцидиялар

1

класс:Дөңгелекауыздылар (Круглоротые)

Cephalochordata



















2

класс: Сальпалар

2

класс: Шеміршекті балықтар (Хрящевые













рыбы)




3

класс: Аппендикуляриялар

3

класс: Сүйекті балықтар (Костные рыбы)




4

класс: Бөшке денелілер

4

класс: Қосмекенділер (Земноводные)



















5

класс: Отты денелілер

5

класс: Жорғалаушылар













(Пресмыкающиеся)













6

класс: Құстар (Птицы)













7

класс: Сүтқоректілер (Млекопитающие)

Бассүйексіздер мен қабықтылар (личинкахордалылар) хордалы жануарлардың төменгі сатыдағы тобын құрайды. Ал, омыртқалылар (бассүйектілер) хордалылардың жоғары сатыдағы тобына жатады.

Омыртқалы жануарлардың дөңгелекауыздылар класына жататын жануарларда жақ аппараты болмайды, сондықтан оларды жақсыздар тобына жатқызады. Ал, омыртқалылардың қалған кластарына жататын жануарларда жақ аппараты дамығандықтан оларды жақауыздылар тобына жатқызады.



Хордалылар типіне жататын жануарлардың бәріне тән негізгі белгілері:

  1. Арқа тұсында ұзына бойы созылып жатқан ішкі қаңқаның қызметін атқаратын хордасы (арқа желісі) болады. Ол төменгі сатыдағы хордалыларда (қандауыршаларда) өмір бойы сақталады. Ал, қабықтыларда (личинкахордалыларда) дамуының личинкалық кезеңінде ғана болады да, ересектерінде жойылып кетеді. Жоғары сатыдағы хордалыларда (омыртқалыларда) хорда ұрығының дамуының бастапқы кезеңінде пайда болып, ұрықтың кейінгі даму кезеңінде хорданың орнына шеміршекті немесе сүйекті омыртқа жотасы түзіледі. Хорда ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлініп пайда болады.



  1. Хорданың үстінде ұзына бойы созылып жатқан жүйке түтігі (нервная трубка) болады. Төменгі сатыдағы хордалыларда (қандауыршалар мен қабықтыларда) жүйке түтігі өмір бойы сақталып, орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады. Ал, жоғары сатыдағы хордалыларда (омыртқалыларда) жүйке түтігі ұрықтың дамуының бастапқы кезеңінде пайда болады да, ұрықтың дамуының кейінгі кезеңдерінде жүйке түтігінің алдыңғы бөлігі –миға, ал артқы бөлігі жұлынға айналады.



  1. Хордалыларда хорданың астыңғы жағында асқорыту мүшелері орналасады. Хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары (жаберные щели) болады. Сондықтан да, жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшесінің қызметін бірдей атқарады. Суда тіршілік ететін дөңгелекауыздыларда, балықтарда және қосмекенділердің дернәсілдерінде (личинкаларында) желбезек саңылаулары желбезек аппаратының қызметін атқарып, суда еріген оттекпен тыныс алады. Ал, құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалыларда желбезек аппаратының орнына өкпе пайда болады.



  1. Хордалылардың көпшілік түрлерінің қанайналым жүйесі тұйық, яғни қан тек қантамырлардың бойымен ағады және хордалылардың жүрегі денесінің құрсақ жағында орналасады. Ал, омыртқасыздардың жүрегі денесінің арқа жағында орналасатынын естен шығармау керек.

Хордалылар мен омыртқасыз жануарлардың бір-біріне ұқсас белгілері де бар. Ондай белгілерге көпклеткалы болуы, денесінің екі жақты симметриялы болуы, дене мүшелерінің үш ұрық жапырақшаларынан түзілуі, екінші реттік ауыз қуысы мен екінші реттік дене қуысының (целом қуысы) пайда болуы, кейбір мүшелерінің сегменттік құрылысының болуы, қанайналым жүйесінің буылтық құрттарға ұқсас тұйық болуы және т.б. белгілерді атап айтуға болады.

XVII ғасырдың соңында Ресейде арнайы ғылыми зерттеу экспедияциялары ұйымдастырылып Ресейдің көп өңірлеріне және онымен көршілес елдердің табиғат байлықтары кеңінен зерттеле бастағаны белгілі. Сондай экпедициясының бірін сол кездегі Петербург академиясының жас ғалымы (ұлта неміс) Петр Симон Паллас (1741-1811) Қара теңізде жүргізген зерттеулері кезінде бұрын ғылымға белгісіз болып келген жануарды тауып, оны ұлулардың бір түрі деп есептеді. Бірақ та оның жалпы құрылысының балыққа ұқсастығы таң қалдырды. Осыдан 60 жыл өткеннен кейін көрнекті орыс ғалымы Александр Онуфриевич Ковалевский (1840-1901) қандауыршаның ұрығының дамуын мұқият зерттей отырып оның омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарларды бір-бірімен байланыстыратын зоологиялық жаңа түрі екенін анықтады. Сонымен қатар, ол омыртқалы жануарлардың ұрықтарының даму кезеңдеріндегі байқалатын анатомиялық құрылысымен ұқсас екендігіне зор мән берді. Өйткені, қандауыршаның құрылысында хордалы жаруарларға тән белгілер өмір бойы сақталатындығы да анықталды.

Қорыта айтқанда, қандауырша біздің заманымызға дейін сақталған ең қарапайым хордалы жануар. Сондықтан да, қандауыршаны көне замандардан сақталған «тарихи ескерткіш» жануар деп те атауға болады. Палеозой заманының бас кезінде қандауыршалардан басқа омыртқалы жануарлар пайда болып таралған деген тұжырым жасауға да болады.

Омыртқасыздар мен хордалылардың ұқсастық және айырмашылық белгілерін анықтауға арналған кестені толтыру. Тән белгілердің тұсындағы сандарды кестенің екі бағанасының тұсына жазып толтырыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет