Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет30/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу.

  1. Хордалыларға сипаттама

  2. Ғылымға белгілі түр саны

  3. Хордалылырдың жіктелуі

КІЛТТІК СӨЗДЕР: хорда, анамния, амнитота, гомойотермиялы, пойкилотермиялы

Хордалылар (желілілер) типі жануарлар дүниесінің тарихи дамуының (эволюциясының) ең жоғары сатысында тұрған тобын құрайды. Бұған дейінгі мектеп бағдарламасында өтілген жануарлардың жеке типтерінің бәрі де омыртқасыздар тобына жатады. Ал, омыртқалы жануарлар хордалылар типінің бір тип тармағы деп аталады.

Омыртқасыздарда ішкі қаңқа деген ұғым қолданылмайды, оларда керісінше сыртқы қаңқа деген ұғым қолданылады. Өйткені омыртқасыз жануарлардың жеке типтеріне жататын жануарларда (ұлуларда, буынаяқтыларда, тікентерілілерде және т.б.) денесінің сыртында ізбесті немесе кальций тұздары сіңген, ерекше хитинді түзілістер болады. Оларды сыртқы қаңқа деп атайды. Хордалылар типіне жататын жануарларда денесінің арқа тұсында ұзына бойы созылып жатқан әрі серпінді, әрі сегменттелмеген ішкі қаңқаның қызметін атқаратаны арқа хордасы (арқа желісі) болады. Бұл хордалыларға ғана тән белгі болып саналатындықтан олардың бәрі хордалылар типіне топтастырылған. Хордалылар типіне жататын жануарлардың түр саны 40-46 мыңдай. Хордалылар типіне жататын жануарлар анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты, тіршілік әрекеттерінің айырмашылықтарына сәйкес және шығу тегінің өзгешеліктері бойынша 3 тип тармағына бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет