Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет27/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Негізгі ұғымдар: метамерия, гонада қуысы, ассиметрия, мантия, бақалшақ, конхиолин қабаты, ктенидияла, гермафродит, радула, велигер личинкасы.

Негізгі сұрақтар:

1.Мантия комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?

2.Мантия қуысы қандай қызмет атқарады?

3.Асимметрия дегеніміз не және ол қалай пайда болған?

4.Ұлулардың қан айналу жүйесі.


Тікентерілілердің құрылысымен танысу.

Тікентерілілер радиальды - симметриялы құрылымды, теңіздердің түбінде бекініп немесе жай қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Денесі қап сияқты, шар, диск, жұлдыз және құрт тәрізді болып келеді. Барлық тікентерілілерде оральді немесе актинальді деп аталатын төменгі және оған қарама – қарсы аборальді немесе абактинальді деп аталатын жоғарғы жағын ажыратуға болады.

Оральді жағының ортасында ауыз тесігі және сәулелерді бойлап өтетін амбулакральді аяқтары орналасқан, ал аборальді жағында аналь тесігі, жыныс тесігі және мадрепор тақтасы бар. Тікентерілілердің денесі орталық бөлімінен немесе дисктен және одан тарайтын радиустардан амбулакралардан құралады. Соңғыларын сәулелер немесе қолдары деп атайды. Радиус, ол орталық дискіден сәулелердің артқы ұшына дейін кететін вертикальды (тік ) сызық. Егер, амбулакралар денесінің орталық бөлімінен бос жағдайда орналасса, онда денесі жұлдыз тәрізді болып келеді. Мысалы, теңіз жұлдыздары, жылан құйрықтылар, теңіз лалагүлі. Ал амбулакралар бос болмай орталық бөліміне қосылып кетсе, онда денесі қап тәрізді, шар, диск және құрт тәрізді болып келеді. Мысалы, теңіз кірпілері теңіз қияры. Бұлардың личинкалары еркін қозғалатын билатеральді симметриялы болып келеді. Радиальді симметрияның ішінде бес сәулелі симметриялық формалары сан жағынан басым. Тікентерілілерге карбонат кальций мен магнийден (CaCOЗ MgCOЗ) құралған әр түрлі формадағы тақта тәрізді қаіқалары, инелері мен тікенектерінің болуы тән. Денесі бір қабатты кірпікшелі эпителимен қапталған, целом қуысты. Денесінің жалпы екінші реттік қуысынан басқа, тікентерілілерде кірпікшелі эпителимен астарланған түтіктер жүйесі де бар. Солардың бірі – перигемальді жүйе, ол қан тамырларымен және нерв жүйелерімен тығыз байланысты. Қалыпты жағдайда перигемальді жүйе ауыз айналасындағы нерв сақинасы мен амбулакральді сақинаның арасында орналасқан перигемальді сақинадан және бес радиальді перигемальді өзектерден тұрады. Голотуриялар мен теңіз кірпілерінде перигемальді сақина жоқ. Тікентерілілерге тән амбулакральді жүйесі сыртқы ортамен бір гидропора немесе мадрепориттің көптеген тесіктері арқылы байланысады және олар дененің екінші реттік қуысы болып есептеледі. Амбулакральді жүйе ауыз айналасындағы сақина тәрізді өзектен немесе түтіктен және одан шығатын бес радиальді өзектері мен тас өзегінен тұрады, олардан басқа, ауыз айналасындағы өзектің өсінділері – полийлік көпіршіктер мен тидеманды денешіктері болады. Амбулакральді аяқшалары қазіргі тікентерілілердің көпшілігінде қозғалу мүшелерінің қызметін атқарады.

Ас қорыту жүйесі. Теңіз жұлдыздарының сақиналы және радиальді бұлшықеттерімен қоршалған және терімен қапталған перистоманың ортасында ауызы орналасқан. Ауызы жұтқыншақарқылы қарынға жалғасады, ал ол сақиналы қатпармен кең бес қалақты төменгі және одан кішірек жоғарғы бөліктерге бөлінеді. Соңғысы қосарланған ұзын әрі тұйық «бауырлық» өсінділерді құрайды, олар қолдарына ұласады және қолдардың қабырғасына мезентерилер арқылы бекітіледі. Қарынның жоғарғы бөлімі ректальді өсінділері бар қысқа артқы ішекке жалғасады. Артқы ішегі дискінің абактинальді жағында аналь тесігімен аяқталады.

Зәр шығару жүйесі. Тікентерілілерде арнайы зәр шығару жүйесі жоқ. Несеп шығаруды көбінесе амебоцит клеткалары атқарады. Сұйық өнімдері ішектің эпителий және тыныс алу мүшелерінің қабырғалары арқылы сыртқа шығарылады. Ал қатты өнімдері не сыртқа шығарылады, не дененің ішінде бөлек жинақталады.

Тыныс алу жүйесі. Тікентерілілердің тыныс алу физиологиясы жеткіліксіз зерттелген. Теңіз жұлдыздарының тыныс алу қызметін тері желбезектері немесе папиллалары атқарады, олар жұқа қабырғалы қапшықтар түрінде жұлдыздың көбінесе үстіңгі, ал кейде астыңғы жағында орналасқан.

Қан айналу жүйесі. Тікентерілілердің қан айналу жүйесі күрделі, бірақ гистологиялық және физиологиялық жіктелуі онша жоғары емес. Олар дәнекер тканінде саңылаулар түрінде пайда болады. Қан тамырларының өзіндік қабырғалары жоқ, өйткені олар эпителиальді төсеніштері жоқ борпылдақ дәнекер тканінде қалыптасады. Олардың сұйықтық заты – қан – ішектің қабырғаларынан сүзіліп шығатын қоректің сұйығы – эксудат. Тікентерілілердің қан айналу жүйесі басқа жүйелер сияқты радиальді симметрия түрінде құрылады. Ол ауыз айналасындағы немесе оральді қан айналу сақинасынан және амбулакраларға тарайтын бес радиальді қан тамырларынан тұрады.

Мүшелердің білікті жиынтығы тек қана тікентерілілерге тән белгі. Мүшелердің білікті жиынтығының құрамына әр түрлі жүйелердің бөліктері кіреді: амбулакральді жүйенің гидропорасы немесе мадрепорит тақтасы бар тасты өзек; қан айналу жүйесінің синустары орналасқан білікті мүше; жыныс синусында орналасқан жыныс тәжі, сонымен қатар, целом қуысының оқшауланған екі аймағы – сол жақ және оң жақ білікті синустар. Білікті жиынтығының қызметі өте күрделі. Гидропора арқылы аққан сумен бірге сыртқа клеткалық ыдыраудың өнімдері шығарылып отрады. Білікті мүше – амебоциттер пайда болатын лимфа безі ретінде қызмет атқарады. Қан тамырларынан құралып, білікті мүше жынысты тәжінің алғашқы жыныс клеткаларын және жыныс бездерін қоректендіру қызметін атқарады. Білікті жиынтықтың бір бөлігі – перикардия ырғақты түрде соғып тұруы арқылы қан тамырларындағы сұйық затты айдап отырады.

Нерв жүйесі. Тікентерілілердің нерв жүйесі радиальді симметриялы және үш бөлімнен тұрады: эктоневральді, гипоневральді және энтоневральді немесе апикальді. Алдыңғы екі жүйе дененің оральді, ал соңғысы – аборальді жағында орналасқан. Эктоневральді жүйе – сезімдік, гипоневральді және апикальді – моторлық (қозғалыстық)қызмет атқарады. Тікентерілілердің сезім мүшелері нашар дамыған, әр жерде шашырап орналасқан сезім клеткаларынан басқа көпклеткалы сенсиллалары кездеседі.

Жыныс жүйесі. Тікентерілілер дара жыныстылар, бірақ гермафродиттік түрлері теңіз жұлдыздары, офиуралар және голотуриялардың ішінде кездеседі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет