Сабақтың мақсаты: көлбақаны мысалға алып, қосмекенділердің систематикалық орнымен танысу, олардың сыртқы және ішкі құрылысын оқып білу. Қосмекенділер класының жіктелуі.
Қосмекенділер класына тән белгілер
Қосмекенділердің қаңқасы
Қосмекенділердің ішкі мүшелер жүйесі
Қосмекенділердің жіктелуі
КІЛТТІК СӨЗДЕР: батрахология, неотения, өкпелік шеңбер, уростиль, евстахиев түтігі, архипаллиум.
Қосмекенділер омыртқалы жануарлардың ең алғашқы құрлыққа шыққан тобы. Жалпы құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалылардың бәрін (қосмекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды, құстарды және сүтқоректілерді) біріктіріп төртаяқтылар (Tetrapoda) деп атайды. Өйткені олардың бәрінің де құрлықта қозғалуы екі жұп аяқтарының (алдыңғы және артқы) көмегімен жүзеге асады. Қосмекенділер бұдан 376-350 млн жыл бұрын пайда болған.
Қосмекенділер (Земноводные) деп олардың сулы ортада да және құрлықта да тіршілік етуіне байланысты аталған. Олардың тіршілігі әлі де болса сулы ортамен тығыз байланысты. Өйткені қосмекенділердің көбеюі және ұрпақтарының дамуы сулы ортада жүреді .
Қосмекенділер омыртқалы жануарлардың төменгі сатыдағы қағанақсыздар (Anamnia) тобына жатады.
Олардың ұрығының дамуы кезінде қағанақ (амнион) деп аталатын ұрық қабығы мен қағанақ қуысы түзілмейді. Сонымен қатар, қосмекенділер омыртқалы жануарлардың салқынқандылар (пойкилотермді) тобына да жатады, яғни олардың дене температурасы қоршаған орта температурасына тәуелді болады.
Қосмекенділер грекше «amphbia» - «екі түрлі ортаны» мекен етеді деген қазақша атауына ұқсас аталады. Қосмекенділерді зерттейтін зоология ғылымының саласы батрахология деп аталады. Ол грекше «bathrocho» - «бақа» деген ұғымды білдіреді.
Қосмекенділер сулы ортада және құрлықта тіршілік етуге бейімделгендіктен екі түрлі орта жағдайларының әр түрлі өзгерістеріне сәйкес олардың құрылысында, тіршілік әрекеттерінде көптеген прогрессивті белгілер (ароморфоздық) пайда болған.
Қосмекенділердің жаңа орта жағдайына бейімделуі құрылысында едәуір өзгерістердің пайда болуына әсер етті.
Қосмекенділер омыртқалы жануарлардың ішінде алғаш рет өкпесі арқылы атмосфера құрамындағы оттекпен тыныс алуға бейімделді. Дегенмен де, қосмекенділер қосымша терісі арқылы тыныс алады.
Қосмекенділердің өкпесі арқылы тыныс алуы екінші кіші немес өкпелік қанайналу шеңберінің пайда болуына әсер етті. Осыған байланысты қосмекенділердің жүрегінің құрылысы да күрделеніп, үш қуысты (камералы) жүрек пайда болды, яғни жүрекше перде арқылы жеке екі қуысқа (оң жақ жүрекше және сол жақ жүрекше) бөлінді. Тері астындағы қантамырлармен келетін қанның құрамы оттекпен тотыққан. Қосмекенділердің миы оттекпен тотыққан артерия қанымен қамтамасыз етіледі.
Қосмекенділерде алғаш рет құрлықта қозғалуына жағдай жасайтын төрт аяқ пайда болды және аяқтары белдеулер арқылы денесімен байланысқан. Мысалы, иық белдеуі алдыңғы аяқтарымен, ал жамбас белдеуі артқы аяқтарымен байланысады және аяқтарындағы сүйектері бір-бірімен буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы және артқы аяқтарында үш бөлімді ажыратады. Алдыңғы және артқы сан, алдыңғы және артқы сирақ және алдыңғы және артқы табан.
Қосмекенділердің омыртқа жотасында алғаш рет бір ғана омыртқадан тұратын мойын бөлімі пайда болды. Ол бастың еркін қозғалуын қамтамасыз етеді.
Қосмекенділердің көзінің айналасында алғаш рет көзді зақымданудан және құрғап кетуден қорғап тұратын қозғалмалы терілі қабақтар (үстіңгі, астыңғы және жыпылықтатқыш) пайда болды.
Қосмекенділерде алғаш рет құрғақ қорек заттарының жұтылуын жеңілдететін сілекей бездері пайда болды. Олардан бөлінетін сілекейдің құрамында асқорыту ферменттері болмайды.
Қосмекенділердің құрлықтағы ауада жақсы естуін қамтамасыз ететін жаңа мүше –ортаңғы құлақ пайда болды. Оның сырты серпінді дабыл жарғағымен қапталған. Онда дыбыс тербелістерін күшейтетін, әрі дыбыс тербелістерін ішкі құлаққа өткізетін бір ғана үзеңгі сүйегі бар. Сонымен қатар, қосмекенділерде алғаш рет дыбыс аппараты да пайда болды.
Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты осындай күрделі белгілерінің пайда болуымен бірге, әлі де болса сулы орта жағдайларына бейімделген белгілері де сақталған. Ондай белгілер:
Қосмекенділердің жұқа терісі үнемі ылғалданып тұруды қажет етеді. Сондықтан да, қосмекенділер үнемі ылғалды немесе сулы жерлерде кездеседі. Қосмекенділердің көпшілік түрлерінің артқы аяқтарындағы саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан. Бұл белгі де олардың сулы ортада тіршілік ететіндігіне дәлел бола алады.
Қосмекенділердің ылғалданып тұратын жұқа терісі арқылы газалмасу қамтамасыз етіледі, оттек алдын терідегі сұйықтықта еріп, одан қанға өтеді. Көптеген қосмекенділердің түрлерінде газалмасу өкпеден гөрі, терісі арқылы көбірек жүреді. Сондықтан да, ондай түрлер су ішінде ұзақ уақыт жүре береді. Қосмекенділердің терісінде бездер өте көп, олардан бөлінген сұйықтық бактерияларды жойып жібереді, кейде қосмекенділердің кейбір түрлерінің терісінде улы бездері де болады.
Қосмекенділердің көпшілік түрлері тек сулы ортада ғана көбейіп, дернәсілдері сулы ортада дамиды.
Қосмекенділердің сулы ортада және құрлықта тіршілік етуіне байланысты дене құрылысындағы ерекше белгілері бойынша оқушылардың өз беттерінше ойланып жауап беретін сұрақтар қоюға болады.
р/с
|
Суда тіршілік етуіне байланысты белгілері
|
Құрлықта тіршілік етуіне байланысты пайда болған
|
|
|
|
|
|
белгілер
|
1
|
Артқы
|
саусақтарында
|
терілі
|
жүзу
|
Өкпесі арқылы тыныс алуы
|
|
жарғағының болуы
|
|
|
|
2
|
Терісі арқылы тыныс алады
|
|
|
Терісінің үнемі ылғалданып тұруы
|
3
|
Көбеюі мен дамуы
|
|
|
Терілі қозғалмалы қабақтарының пайда болуы
|
4
|
Ұрпақтарының түрленіп дамуы
|
|
Ортаңғы құлақтың пайда болуы
|
5
|
Дернәсілдерінің желбезек
|
арқылы
|
тыныс
|
Еркін қозғалатын аяқтарының пайда болуы
|
|
алуы
|
|
|
|
|
6
|
Кейбір түрлерінде бүйір сызығының болуы
|
Кіші немесе өкпелік қанайналу шеңберінің пайда
|
|
|
|
|
|
болуы
|
Қосмекенділердің кейбір түрлері (амбистомалар) ересектеріне айналмай тұрып, яғни дернәсілдік даму кезеңінің өзінде көбейе береді. Бұл құбылыс - неотения деп аталады. Мысалы, америка амбистомасы деген құйрықты қосмекенді түрінің дернәсілі аксолотоль деп аталады. Аксолотоль ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |