Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Көлбақаның дернәсілі мен ересегінің салыстырмалы белгілері



бет76/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Көлбақаның дернәсілі мен ересегінің салыстырмалы белгілері:

р/с

Белгілері

Дернәсілдері

Ересектері

1

Тіршілік ортасы

Су

Су және құрлық

2

Қозғалуы

Жүзеді

Жүзеді, секіреді

3

Дене бөлімдері

Бас, тұлға, құйрық

Бас, тұлға, екі жұп аяқтары

4

Қоректенуі

Су ішіндегі заттарға бекіген

Құрлықтағы омыртқасыздарды тілінің







заттармен және балдырлармен

көмегімен ұстайды







қоректенеді




5

Тынысалу мүшесі

Желбезек

Тері және өкпе

6

Жүрегінің құрылысы

Екі қуысты (жүрекше және

Үш қуысты (оң жақ және сол жақ







қарынша)

жүрекше, бір қарынша)

7

Қанайналым шеңбері

Біреу

Екеу (үлкен және кіші)

8

Бүйір сызығы

Болады

Болмайды

9

Хорда

Болады

Болмайды

Бұл салыстырмалы кестеден мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Көлбақаның дернәсілдерінің көптеген белгілері балықтарға ұқсас екендігі байқалады. Мысалы, тіршілік ортасы, қозғалу тәсілі, қоректенуі, тынысалу, жүрегінің құрылысы, қанайналу шеңбері, бүйір сызығының болуы және ұрықтануы т.б.

  1. Көлбақа дернәсілдерінің көптеген белгілерінің балықтарға ұқсас болуы қосмекенділердің ертедегі балықтардың бір тармағынан шыққандығына нақты дәлел бола алады.

7.1. Қосмекенділердің жіктелуі.

Қосмекенділердің жіктелуі:

Қосмекенділер

1 класс тармағы

Жұқаомыртқалылар

1 отряд 2 отряд

Аяқсыз Құйрықты

қосмекенділер қосмекенділер

2 класс тармағы



Доғаомыртқалылар

  1. отряд

Құйрықсыз қосмекенділер

Қосмекенділердің жеке отрядтарының салыстырмалы сипаттамасы:

р/с

Отрядтары, түр саны




Тән белгілері




Негізгі түрлері

1

Аяқсыз қосмекенділер

Дене

пішіні

ұзынша

буылтық

Буылтық

құрт,

цейлон







құрттарға ұқсас, аяқтары жойылған.

балық-жыланы










Омыртқаларының

саны

200-300
















жетеді.Сезіммүшелерінашар
















дамыған, құйрығы қысқа, дабыл
















жарғағы болмайды. Шағылысу мүшесі
















бар.Іштей ұрықтанады.













2

Құйрықты қосмекенділер

Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдеріне

Жалды

және

кәдімгі







айқын бөлінген. Аяқтары қысқа әрі

тритон,

алып

сала-







ұзындығы да бір шамалас . Терісі және

мандра, жетісу бақа-тісі,







өкпесі арқылы тыныс алады. Түрленіп

сібір

бұрыштісі,







дамиды.










жапонның

алып



















саламандрасы




3

Құйрықсыз қосмекенділер

Құйрығы жойылған. Артқы аяқтары

Көлбақа,шөп

бақасы,







жақсы дамыған. Секіріп қозғалады.

үшкіртұмсықты

бақа,



















кәдімгі

құрбақа,

жасыл



















құрбақа







7.2. Қосмекенділер ішіндегі ғажайып түрлер

  1. Қосмекенділердің ішіндегі ең кіші бақа Куба аралында кездесетін Кубаның қортық бақасы. Оның ересегінің дене ұзындығы 1 см шамасында.



  1. Қосмекенділердің ішіндегі ең ірісі Жапонның алып саламандрасы деп аталады. Оның денесінің ұзындығы 1,5-1,8 метрге, ал салмағы 70 кг жетеді. Ол Шығыс Қытай мен Жапонияның таулы өзендері мен бұлақтарында тіршілік етеді. Саламандраның еті Қытай және Жапонияда ерте кездерден бастап-ақ таңсық ас деп саналады. Көптеп ауланғандықтан қазіргі кезде саны тіптен азайып кеткен.



  1. Дүние жүзіндегі ең ірі бақа – голиаф деп аталады. Оның аяғын созғандағы денесінің ұзындығы жарты метрден асады. Ал, оның салмағы 3,5 кг жетеді. Голиаф бақасы Африкадағы Камерун мемлекетінің таулы алқабындағы сарқырамасы бар өзендердің шағын аумағында ғана кездеседі.



  1. Әлемдегі ең ірі құрбақа түрі – ага құрбақасы. Ол Оңтүстік Америка мен Австралияның тропикалық белдемдерінде кездеседі. Оның орташа салмағы 450 граммдай. Оның терісінде мүйізді түзілістер кездеседі. Қосмекенділердің ішіндегі өкпесі ең күрделі дамыған түр деп есептелінеді.



  1. Қосмекенділердің ішіндегі ең улысы – Оңтүстік Америкада кездесетін ағашқа өрмелейтін бақа. Бұл жалпы құрлықта таралған омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең улы жануар деп саналады. Оның уын жергілікті үндіс тайпалары жебенің ұшына жағып аң аулайды.



  1. Қосмекенділердің ішінде ең суыққа төзімді түрлеріне Сібір бұрыштісі, Сібір бақасы және үшкіртұмсықты бақа жатады. Олар Солтүстік поляр шеңбері аймағында да кездеседі. Сібір бұрыштісі – 45 градус суықта мұз болып қатып, кейін күн жылыған кезде тіршілігін жалғастыра береді.



  1. Қосмекенділердің ішінде өкпесі мүлде болмайтын түрлерге -өкпесіз саламандралар және өкпесіз тритондар жатады. Олар Америкада және Европаның оңтүстігінде, Азияның шығысында кездеседі. Олар терісі және ауыз қуысы арқылы тыныс алады.

Пысықтау сұрақтары:

    1. Қосмекенділер класына сипаттама бер.

  1. Қосмекенділердің асқорыту жүйесі.



  1. Көлбақаның мүшелер жүйесіне сиапттама бер.

  2. Көлбақаның қаңқасын сипатта.

  3. Қосмекенділер класының жіктелуі.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. В.М. Константинов, С.П. Шаталова.

Лабораторный практикум по зоологии позвоночных: Учебное пособие для студентов высшых пед. учеб. заведений. Москва, «Академия» 2004г.

  1. Н.Н. Карташев и др. Практикум по зоологии позвоночных. Изд. 3-е. Москва,2004г.



  1. К.Б. Олжабекова, Б.Е. Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы, Алматы, «Қазақ университеті», 1,2 бөлім. 2007 ж.

  2. В.М. Константинов, С.П. Наумов .Зоология позвоночных, 3—изд. Москва, «Академия», 2004 г.

  3. А.Ж. Божбанов. Зоология пәнінен практикум. Оқу құралы. Алматы, 2010 ж.

8-тақырып. Қосмекенділердің экологиясы

Сабақтың мақсаты: Қосмекенділердің шығу тегі туралы біліп, экологиялық топтарын оқып білу.

  1. Қосмекенділердің шығу тегі мен эволюциясы

  2. Қосмекенділердің экологиялық топтары

Бұдан 370-350 млн. жыл бұрын саусаққанатты балықтардың бір тармағынан алғаш рет құрлыққа шыққан – қосмекенділер пайда болған деген болжамдар бар. Өйткені қосмекенділердің дене құрылысы, көбеюі және ұрпақтарының даму жолдары ертедегі сүйекті балықтарға ұқсас. Қостынысты балықтарда өкпе пайда болғанымен олардың жұп жүзбеқанаттарының құрылысы қосмекендердің аяқтарының құрылысына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан да, қостынысты балықтардан қосмекенділер пайда болды деп қортынды жасауға болмайды. Ең алғашқы қосмекенділердің қаңқа қалдықтары бұдан 370-350 млн. жыл бұрынғы шөгінді жыныстардың арасынан табылған. Олардың сыртқы түрі қазіргі саламандраларға ұқсас, яғни басы жалпақ, ұзынша келген, құйрығы болған және оларды ихтиостегиялар деп атаған. Олардың денесінің көптеген жерлерін балық қабыршақтарына ұқсас қабыршақтар қаптап тұрған. Бастарынынң үлкен болуы олардың өкпемен тыныс алғандығына дәлел бола алады. Бұдан 350-280 млн жыл бұрын алып қосмекенділер (лабиринтодонттар) кеңінен таралған. Олар кейіннен біржола жойылып кеткен. Олардың жойылуына кейіннен пайда болған жорғалаушылармен бәсекелестік әсер еткен. Ертедегі қосмекенділердің ұзын құйрықты тобынан (лепоспондилиялардан) қазіргі аяқсыз және құйрықты қосмекенділер пайда болған. Ал, ертедегі қысқа құйрықты лабиринтодонттардың бір тармағынан қазіргі құйрықсыз қосмекенділер пайда болған.

Қазіргі амфибиялар – омыртқалы жануарлардың ішіндегі саны ең аз класы, 3 отрядқа бірігетін 2500 – түрі белгілі.

Қосмекенділердің әр түрлі экологиялық жағдайларда тіршілік етуге бейімделген. Осыған байланысты 4 экологиялық топқа бөледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет