Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қосмекенділер



бет79/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қосмекенділер. Көпшілігі тропикалық ормандарда мекендейді. Бақбақалдар тұқымдасы – барлық материктердің тропикалық аймақтарында мекендейтін 580 түрді біріктіреді, Америка мен Австралияда көптеп кездеседі. Бұл майда бақалар ағаш сүлбесінде тіршілік етеді. Дене мөлшері 1,5-13 см. Көпшілігі саусақтарының ұшында жалпайған жабысқақтары болады. Сол жабысқақ дискілерінен секрет бөлетін ерекше бездер болады, олардың көмегімен тік беткейде тұра алады. Кәдімгі бақбақыл дене ұзындығы 3-5 см., көп уақытын ағаш сүлбесі мен бұталарда өткізеді. Жемтігі ұшатын насекомдар, ұзын әрі жабысқақ тілімен ұстайды. Ескекаяқты бақалар тұқымдасы Азия мен Африканың тропикалық аудандандарында мекендейтін 230-ға жуық түрді біріктіреді. Көпшілігі ағаш сүлбелерінде тіршілік етеді. Олардың үлкен саусақтарының ұшында жастықшасы болады. Тарауыздылар тұқымдасы ағаш сүлбесінде тіршілік етеді. Олар барлық материктердің тропикалық аймағында кездеседі. Олар әшекейлі бақа; ява ескекаяқты бақасы. 10-12 м қалықтап ұшуға қабілетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет