Құрлық қосмекенділері. Көбею кезінде суға түседі. Көпшілігі суда қыстап шығады. Қалған уақытта олар құрлықта мекендеп, судан көп аралыққа қашықтайды. Бұлардың құйрықтылардан
ерекшелігі жұп аяқтарының көмегімен ғана қозғалады. Осыған орай олардың денесі жалпақ, құйрығы жоқ, жұп аяқтары жақсы жетілген. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда 2-3 есе ұзын болады. Көпшілігінде ұрпағына деген қамқорлық өте күшті дамыған. Құйрықтылар отрядынан: Теңбіл немесе отты саламандра – ұзындығы 20-28 см., құйрығы қысқа, аяқтары қысқа, күшті дамыған. Күн сәулесі түсетін жерлерден қашады. Қоректенуге ымыртта, түнде шығады. Саламандра құрлықта қыстайды. Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Солтүстік Африкада тараған. Сонымен қатар: жабалар, жасыл құрбақа – құрлықта тіршілік етеді, суға тек көбею кезінде түседі. Құрлықта қыстайды, шөлді аймақта жазғы ұйқыға кетеді. Сүйіртұмсық бақа – дене ұзындығы 5-7 см. Тұмсығы сүйірленген. Тіршілігін құрлықта өткізеді, тек көбею кезінде ғана суға түседі. Тарбақалар тұқымдасының 50 аса түрі Азияда мекендейді. Құрлықта ымыртта және түнде белсенді тіршілік етіп, інде жасырынып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |