Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет22/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Бұлшықет жүйесі. Насекомдардың бұлшықеттері тек көлденең жолақты. Ет талшықтарының жалпы саны 1500–ден 2000–ға дейін жетеді..

Ас қорыту жүйесі. Насекомдардың ішегі барлық буынаяқтылардікі сияқты үш бөлімнен құралған: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен.

Алдыңғы ішегі құрлысына және атқаратын қызметіне байланысты бірнеше бөлімдерге бөлінген: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын. Ауыз қуысы үстіңгі еріннен және жақ аппараттарынан құралған. Сұйық қорекпен қоректенетін насекомдардың ауыз қуысы түтікке айналған, ал масаларда ол қоректі соратын және сілекейді өткізетін тұмсықша түрінде болады. Насекомдардың ішегінің аса маңызды бөлімі – ортаңғы ішек. Бұл бөлім ас қорыту ферменттерін шығарып, қорытылған асты бойға сіңіреді. Ортаңғы ішектің алдыңғы ұшына тұйық біткен бірнеше өсінділері ашылады. Олар ішектің ас сіңіру беткейін кеңейтіп, қорытылған асты бойға сіңуін жеңілдетеді. Ортаңғы ішек бірнеше бөікке бөлінген эктодермальді артқы ішекке жалғасады. Көптеген насекомдардың артқы ішегінде ректальді бездер дамыған, олар нәжіс құрамындағы денеге сіңбеген ас қалдықтарын және суды сіңіруге көмектеседі. Артқы ішекте қалыптасқан қорытылмаған заттар аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Насекомдардың қорегі әр алуан. Насекомдардың арасында жануарлар мен өсімдік қалдықтарымен қоректенетін түрлер кездеседі (тарақандар), тек қана өсімдіктермен қоректенетіндер (тікқанаттылар), жыртқыштар (барылдақ қоңыздар), адамның және жануарлардың қанымен (масалар, биттер, бүргелер), өсімдік шырынымен (өсімдік қандаласы, көбелектер), шіріген заттармен, қилармен, өлексемен қоректенетін насекомдарда аз емес.

Зәр шығару жүйесі. Насекомдардың зәр шығаруын бірнеше түзінділер атқарады, олар – мальпиги түтікшелері, май денелері, перикардиальді клеткалар немесе нефроциттер және фагоцитарлық мүшелер. Ең бастысы – мальпиги түтікшелері. Саны 2-ден 200-ге дейін. Мальпиги түтікшелерінің негізгі қызметі – несеп қышқылын түзу. Мальпиги түтікшелерін гемолимфа үздіксіз шайып өтіп жатады, сондықтан денедегі зат алмасудың соңғы өнімдері – несеп заттары қан қысымы әсерінен мальпиги түтікшелердің ішінде сүзіліп өтіп түрады. Зәр шығару қызметін мальпиги түтігінен басқа, майлы дене де атқарады. Ол борпылдақ дәнекер ткань құрамындағы клеткалардың бір бөлігі, несеп қышқылдарын дөңгелек конкреция түрінде жинап сақтайды. Негізінде майлы дене қоректік заттар қорын, әсіресе майларды жинап, кейде "жинау" бүйрегі" деп те аталады. Майлы денедегі қоректік заттар есебінен насекомдар біраз уақыт қоректенбей жүре алады және олардың жұмыртқалары дамып, пісіп жетіледі. Кейбір насекомдардың майлы дене клеткаларында ерекше зат люцеферин болады. Оттегі мен люцифераза ферментінің әсерінен люциферин тотығып жарық шығарады. Мысалы, жарық шығаратын қоңыздарда (Lampyris noctiluca).

Жүректің бүйір жағында орналасқан жұп клеткалар тобы – нефроциттер және жүректің астындағы фагоцитарлық мүшелері де организм үшін зиянды заттарды өздеріне сіңіріп, зәр шығару қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет