Мемлекеттік (ресми ) тіл. Көпұлтты мемлекеттерде мемлекеттік немесе арнайы ортақ тіл рангіне бір тілдің қабылдануы қарастырылады, қалғандары мұндай мәртебеге ие емес (мысалы, Малайзия елінде) немесе екі, яки одан да көп тілдердің тең мәртебе алуы (мыс, Швейцарияда) мүмкін. Тілдердің заң жүзінде тең құқылығы бір тілдің басымдылығымен де өлшенеді. Мысалы, Канадада ағылшын тілі француз тіліне қарағанда басымдылық танытады.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің Ата Заңының тілі, сондықтан ол мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылады.
Мемлекеттік тіл – сол мемлекетттің ресми, саяси және мәдени салаларының шеңберінде интеграциялық қызмет атқаратын мемлекеттің бір символы болып табылады.
Мемлекеттік тілдің атқаратын қызметтік аясы және оның әртүрлі мемлекеттік ұйымдарда қолданылуы аталған әлеуметте қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік-коммуникативтік жүйелерге, тіл саясатында қабылданған міндеттерге байланысты біршама өзгеше болуы мүмкін. Көпұлтты мемлекеттегі мемлекеттік тілдің маңызды функцияларының бірі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі міндетін атқару.
Достарыңызбен бөлісу: |