Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет20/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар
Презентация, тест проф русс, тест проф русс, ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр, Madeniet
Лекцияның мазмұны: Адамзатқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама қажет. Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс. Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек.

- Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.

- Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.

- Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек.

Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде түзу керек.

БІРІНШІ. Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл - әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды. БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау және жетілдіру үшін пайдалануға болатын ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құрған абзал.

ЕКІНШІ. ХХІ ғасырда өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру қажет. Әлемде ядролық қарудан азат алты аймақ бар. Олар Антарктиданы, Латын Америкасын, Африканы, Австралия мен Океанияны қоса алғанда, іс жүзінде бүкіл Оңтүстік жарты шарды қамтиды. Олардың ішіндегі ең «жасы» 10 жыл бұрын Семейде өңірдің бес мемлекеті құрған Орталықазиялық ядросыз аймақ болып табылады. 1992 жылы Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға бастамашы болды. Аталған форум құрлықтың 27 мемлекетінің, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың қатысуымен жаңа ғасырда табысты түрде институттандырылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық зор маңызға ие. Оңтүстік Америкадағы, Оңтүстік Атлантикадағы, Үнді мұхитындағы Бейбітшілік аймағы айтарлықтай әлеуетті иеленіп отыр. Жинақталған барлық тәжірибені арнайы халықаралық құқық негізінде кең ауқымды Бейбітшілік Ареалдарын құру үшін қолдану қажет. Оларда, әрине, соғыстар мен жанжалдарға орын болмауы керек. Бейбітшілік Ареалдарындағы қауіпсіздік пен даму мәселелеріне БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі кепілдік бере алады.

ҮШІНШІ. ХХІ ғасырда милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар секілді рудиментін еңсеру керек. Геосаяси ахуалдың мәні мынада: егер тым болмаса бір ірі әскери блок бар болса, онда оның антиподы құрылатыны заңдылық. Күш қарсы күшті тудырады. Өткен соғыстар мен жанжалдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан әскери блоктарға БҰҰ туы астында Мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы үшін жаһандық коалициясын қарсы қою қажет. Таяудағы онжылдықтың жалпыға ортақ міндеті Ауғанстандағы, Ирактағы, Йемендегі, Ливия мен Сириядағы, Украинаның шығысындағы соғыстар мен жанжалдарды және Палестина-Израиль текетіресін тоқтату болуға тиіс. Корей түбегі, Оңтүстік-Қытай теңізі акваториясы және Арктикадағы ахуалдың қаупінің әлеуетін азайту міндеті тұр.

ТӨРТІНШІ. Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды. Зымыранға қарсы жүйелер мен кәдімгі қару-жарақ жөніндегі бұрынғы уағдаластықтар кезіндегі алысты болжай алмаушылық Еуразия кеңістігін саяси милитарландыруға алып келді. Бұл, тіпті, қорғанысты басқарудың электрондық жүйесінің ықтимал ақауына байланысты жаһандық соғыстың басталу қаупін күшейте түседі. БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа стратегиясы қажет. Алдымызда мүлде жаңа қатер - терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр.

БЕСІНШІ. Соғыссыз әлем - бұл, бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті. Бұл Жоспар соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюды көздейді.

Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың 2016 жылдың 31.03 - 01.04 аралығында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі  IV  саммит аясында жария етілген «Әлем.  XXI  ғасыр» атты манифесі бейбіт өмірді көксейтіндердің, ертеңгі күнге адамзаттың ертеңгі тағдырына алаң­дау­шылық білдіретіндердің көкейінен шыққан нағыз құнды құжат болды. Саммитке 51 елден келген мемлекет басшылары қатысты.  Дер кезінде көтеріліп, жарияланған мәлімдемеге БҰҰ-ның (БҰҰ бас Хатшысы Пан Ги Мун) ресми құжаты мәртебесі берілді. Шынында да барынша кемеліне келіп, өркениеттің мейлінше өр­кендеген кезінде кезекті жүз­жыл­дыққа қадам басқан Жер-Ана тұр­ғындары осының бәрін бір-ақ сәт­те күлге айналдырып, жоқ етіп жіберетін қауіп-қатердің де алуан түріне қоса кезікті. Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұрған әлемде ендігі жерде ешбір ұсақ-түйек мәселе болмайды. Ғалымдардың есебі бойынша, әлем өркениетінің осы кезге дейін 15 мыңнан астам соғысты бас­тан өткергені де шындық. Мұның өзі адам баласының әр жыл сайын 3 соғысқа килігіп тұрғанын көрсетеді. Тым арғы ежелгі дәуірлерге ендеп бармай-ақ өз заманымызды мысалға алатын болсақ, 66-70 жылдарда қылышынан қан тамызған атақты Иудей соғыстарынан бастап, 2003 жылғы Парсы шығанағындағы екінші соғысқа дейінгі аралықта адамзат өкілдерінің бейбіт күнде кірпік айқастырып, тыныш ұйықтаған кездері өте сирек. Осының бәрі кім-кімді де ойландыратын жайт болуы тиіс. Осыған орай айтылатын тағы бір дерек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі таңдағы мәліметі бойынша, жыл сайын 59 миллионға жуық адам өмірден өтеді. Демек, орта есеппен секунд сайын 12 адам бақилыққа аттанады. Ал әрбір 102 секундта бір адам Жер бетіндегі ұрыс қимылдарының барысында оққа ұшып, опат болып жатады. Мұның сыртында халықаралық терроризм дүрбелеңі жыл озған сайын қаһарлы сипат алып келеді.

Қазір жер бетіндегі тыныштық тек соңғы жарты ғасырға жуық уақыт ішінде қалыптасқан табанды саяси ұстанымның арқасында ғана өзінің салмақты сипатын сақтап тұр. Әлемдегі бейбіт өмірді сақтап қалу, бейбіт заман тіршілігін құру керектігі жөнінде ой көтеріп, дабыл қаққан толымды тарихи тұлғалар бұрын да болған. Әр дәуірде өмір сүрген ондай қайраткерлер Жердің бетін соғыссыз және жанжалсыз тірліктің ұясы етіп жасау турасында талай мәрте мәселе көтерген. Мәселен, философтар мен гуманистер адамның адамға жасайтын зорлық-зомбылығы мен өктемдігінің ешбір мағынасы жоқ екендігі, себебі, адамның жануардан артықшылығы қайырымдылық пен зұлымдықты бір-бірінен ажырата білетіндігінде, сондықтан, оның өктемдікке өктемдікпен жауап қайтара алатыны туралы мыңдаған кітап жазып шыққан екен. Адам баласын жаппай қырып-жоюға арналған жойқын қару-жарақтарды шығару үшін бөлінетін шығындар мен бюджет қаржыларының көлемі жыл санап азаю орнына, керісінше еселеп артып барады. Кезінде осындай тенденциядан сақтанған Ж.Ж.Руссо, И.Кант, Дж.Локк, М.Ганди, Л.Толстой, Ф.Достоевский секілді адамзаттың озық ойлы өкілдері соғысқа қарама-қарсы балама ретінде зорлықсыз өмір сүру тұжырымдамасын ұсынып еді. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», деген еді ғой ұлы Абай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет