Біріншіден, бұл табиғат туралы ерекше түсінік. Батыс-еуропа мәдениетінде әлем, табиғат адамның күш-қуатын пайдалануға берілген кеңістік секілді. Мысалы, “Табиғат шіркеу емес шеберхана, ал адам ондағы жұмысшы”, “Біз табиғаттан рақымшылдық күте алмаймыз, табиғаттан күштеп алу біздің мақсатымыздың бірі болып табылады” т.б. біздің ой-санамызда бекітілген парадигмалар. Бұл принципті шығыс мәдениетінде бекітілген табиғатқа араласпау құндылығымен салыстырайық.
Екіншіден, адамды әлемді түрлендіруші белсенді тіршілік иесі ретінде қарастырайық. Бұл маркстік философияда жақсы қарастырылады. “Философтар тек әр-түрлі тәсілдермен дүниені түсінідірген, ал шын мәнінде оны өзгерту қажет.” Марксизмді сынға алушы Р. Арон “марксизм пролетариат идеясынан гөрі, өндірістік дамудың доктринасы”. Жан Эллюль марксизм бұл “адам мен техника арасындағы ауру неке” деп көрсетеді.
Егер еуропалық мәдениеттің осы принципін шығыс принципімен салыстырсақ, онда әлемді, табиғатты өзгерту емес, оған бейімделу, табиғатты өз еркіне бағындыру, емес, әлемнің табиғаттың өзгеру ритмін сезіну (қытайлардың “у-вей” принципі), екендігін есте сақтасақ, онда логикалық тұрғыдан батыс еуропалық мәдениеттегі адам іс-әрекетінің активтілігін абсолюттендіру, және соның нәтижесі ретінде адамның табиғатқа техникалық әсер етуінің агрессивтігі қазіргі өркениеттің өте бір күрделі мәселесі – экологиялық мәселесінің туындыларына алып келгені түсінікті болады.
Үшіншіден, алдыңғы екі мәдени парадигма адамзат іс-әрекетіне назар аударады: батыс еуропалық мәдениет позициясы бойынша адам іс-әрекетін тікелей адамның өзінен іздемей, сыртқы құралдарды алмастырудан іздейді. Шығыс мәдениетінде техникалық жетістіктерде байқалатын адамның өзіндік жетілгендігіне ұмтылуы басымырақ.
Төртіншіден, технико-экономикалық нәтижеге сүйеніп ішкі әлемді өзгерту техногендік өркениеттің тағы бір маңызды ерекшелігін ашты: техника мен технологияның адамның мәдени әлеуметтік өлшемінің даму үйлесімділігінен тыс техника-технологияға байланысты деп пайымдауында.
Техногендік өркениеттің негізіндегі батыс еуропалық мәдениеттің өзге де мәдени әлеуметтік жақтары көмегімен заттық әлемнің геометриялық даму өзгерісі жүріп, өмір сүру үлгісіне, әлеуметтік байланыстың өзгешелігіне ықпал етуде дәстүрлі қатынас пен өркениет, мәдениет дамуындағы жаңашылдықтарға әсер етеді; ғылыми рационалдылық басым болады; тұлғалық еркіндік, құқыққа бейімділік пайда болады; билік пен күштің маңызын түсініп оның табиғатымен ерекшелігін бағалайды.
өмір сүру дәстүрінің жаћандануы іске асуда (бұқаралық мәдениет, ас, киім), оған бұқаралық коммуникация мен қазыргі көлік жүиесі әсер етеді: күнделікті планетаның бір шетінен екінші шетіне 3 млн. адам сапар шегеді,10500- ден астам “ Макдональдсі”рестораны 50 мемлекеттерде қызмет істейді, кез келген елде , кез келген газет пен журналды сатып алуға болады, спутниктік телевидение арқылы көптеген шетелдік телебағдарламаларды көруге болады. Бүгінгі күні 1 млрді- тан астам адам ағылшын тілінде сөйлейді, 2005 ж. қарай бұл сан 2 млрд-қа дейін өседі. өмір сүру дәстүрінің жаћандануына байланысты оған қарама-қарсы тенденцияның-ұлттық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін сақтауға бағытталған күрестің барған сайын айқындалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |