Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет14/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар
Презентация, тест проф русс, тест проф русс, ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр, Madeniet
Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс пен құл иеленуші дәуірге тән. Ал қоғамдық қызметтің әр саласында сакрализациядан бас тарту феодалдық дәуірде басталып капиталиста дәуірде аяқталады

Сакрализация (қасиетті) - заттарды, құбылыстарды, адамдарды құдайландыру.

Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.

Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік уы ол үшін қауіпті.

Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т.б. әсер етеді.

 Президент жариялаған жаңғырту процесінің бір уақытта үш бағытта: экономиканы жаңғырту, ауқымды саяси жаңғыртуға негіз болған конституциялық реформа және қоғамдық сананы жаңғырту салаларында жүзеге асырылуында.

Сондай-ақ, ол үшінші бағыттың ең күрделі әрі ауқымды екенін мәлімдеді, себебі қазақстандықтардың алдында бұған дейін ешқашан қоғамдық сананы жаңғырту міндеті қойылмаған болатын. Дәл осы бағыт еліміздегі барлық ықтимал қайта түрлендірулердің өзегі болып табылады, ал оның қозғаушы күштері – алты жоба.

Олардың біріншісі – қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп ауысуы. Жоба тілді дамытуға жаңа серпін беруге және оны әлемдік кеңістікке ықпалдастыруға, азаматтарды тілді үйренуге ынталандырып, қызығушылықтарын оятуға бағытталған.

Екінші жоба – «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Оның мақсаты – қазақстандық студенттерге әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік беру.  

Үшіншісі – «Туған жер» жобасы, оны жүзеге асыру, біріншіден, адамның өзі туып-өскен жерімен байланысын нығайту. Екіншіден, елімізде қайырымдылық мәдениетін жетілдіру және жауапты әлеуметтік іс-қимылдар арқылы мемлекеттік қолдау көрсету шараларын дамыту. Үшіншіден, ғылыми-білім беру және инфрақұрылымдық қолдауды қамтамасыз ету – тарихты, географияны, туған өлке нысандарын зерттеу және оның көркейтілуі. Жалпы алғанда, бұл маңызды өлкетану жұмыстары басталғанын білдіреді. 

Төртінші жоба – «Қазақстанның сакралды географиясы». Мұндағы жұмыс мәдени ескерткішке, символдық, сакралдық және мәдени-тарихи заттарға байланысты болады. Бұдан өзге, аталған жобаның нысандары туризм индустриясын дамыту орындарына айналады.

Бүгінде «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазақ мәдениетінің үздік туындыларымен әлемдік қауымтастықты таныстыру үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бұл отандық шығармашылық зиялыларына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.   


Лекция 5. МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ
Жоспар:

1. Мәдениет пен өркениет арақатынасы.

2. Өркениеттің мәдени өлшемі.

3. Техногендік өркениеттің ерекшелігі және негізгі белгілері.


Мәдениет пен өркениет арасындағы арақатынас тарихы мен даму логикасына көз жібертсек, онда келесі кезеңдерді бөліп қарастыруға болады.

Өркениет ұғымы тұңғыш рет алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи кезеңге қатысты қолданылған болатын. С.С. Аверинцев пен Г.М.Бонгард Левин – “Ежелгі өркениеттер – бұл таптық және мемлекеттікке дейінгі, қалалық пен азаматтыққа дейінгі, ең бастысы жазу пайда болғанға дейінгі қоғам мен мәдениет жағдайына сай өркениетке қарама-қайшы келетін қандай да бірлестік” - деп көрсетті. Бұл жердегі көңіл аударатын зат, ол “бірлестік”, яғни, қоғамның өркениеттік және мәдени белгілерінің абсолютті бірлігі.

Мәдениет пен адамның өркениеттік болмысы Антика заманында да бөлінбеген, мұнда мәдениетті адам шығармашылығының нәтижесі емес, адамның ғарыштық реттілікке еруі ретінде қарастырған.

Орта ғасырлар теоцентристік әлем бейнесін қалыптастырып, адамзат болмысын адамдардың Жаратушы-Құдайдың қағидаларын орындап, Киелі Кітаптың сөзі мен рухына сену деп түсіндірді. Яғни, бұл кезеңде де мәдениет пен өркениет адам санасында әлі бөлінбеген еді.

Мәдениет пен өркениет арақатынасы (бұл арақатынастың рефлексиясы емес, арақатынастың өзі) алғаш рет мәдениетті – адамның индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық потенциалымен, ал өркениетті - азаматтық қоғамның тарихи процессімен байланыстыра бастаған Қайта өрлеу кезеңінен көрініс тапты. Бірақ, олардың пәндік аумағының сәйкес келмеуінің рефлексиясы бірден пайда болмады.

Ағартушылық кезеңде мәдениет өмірдің индивидуалды-тұлғалық және азаматтық-қоғамдық құрылымы деп қаралып, осыдан мәдениет пен өркениеттік даму процессі бір-бірімен сәйкестірілді. “өркениет” терминін еркіндік, әділдік, құқықтық тәртіп орнаған азаматтық қоғамды, яғни, қоғамның белгілі бір сапалық көрсеткіштерін, оның дамуының дәрежесін белгілеу үшін француз ағартушылары енгізді.

Л. Морган мен Ф. Энгельстің (ХІХ ғ.) өркениетті тағылық пен варварлықтан соң келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, сондықтан да “жоғары” сапалы қоғамның даму сатысы деп қарастыруы кездейсоқ емес.

Десе де, тарих мазмұнында мәдениет орнының рефлексиясы болмағандықтан, мәдениет пен өркениет теңестіріліп отырды. Бірақ ортағасырлық діни түсіндіруге қарсы, мәдениетті жердегі өзіндік іс-әрекет процесі деп қабылдау, Жаңа заманда мәдениет, тарих субъектісі ретіндегі, адамның белгілі-бір өзіндік санасы деген ойды қалыптастырды. Мәдениет шынайы адам болмысының рухымен толыға бастады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұгымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:

•1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).

•2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның көрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).

•3. Өркениет - мәдениетгің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).

•4. Өркениет - тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

•5. Өркениет - этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).

•6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Бүдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркеңдеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет