2. Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті - әртүрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай-ақ соларға тән іс-әрекеттердің жиынтығы.
Қазақстан сияқты көпэтносты мемлекетте ұлтаралық қатынастар елдің тұрақты және демократиялық дамуының негізгі факторы болып табылады, сондықтан еліміз үшін ұлттық қатынастардың дамуының зор маңызы бар.
Ұлтаралық қатынастар мәдениеті - бұл әр түрлі ұлт өкілдері арасында силастықтың, қолдаушылықтың, ұжымшылықтың, ізгіліктің, ұлттық өзімшілдікке, шовинистік меменсуге жол бермеушіліктің, өз мәдениетін игеруге және басқа ұлтттардың, халықтардың, ұлттық топтардың рухани құндылықтарын игеруге ұмтылудың орнатылуы.
Ұлтаралық қатынастардың шанайы тәжірибесінде үйлесімділік - сирек кездесетін құбылыс. Оған қоса, оған қарай отырып, этносаралық байланыстар механизмдерін қалыптастыруға болатын қандай да бір мұрат ретінде түсіндіріледі.
Бұрын КСРО-да интернационализмге аса маңызды мән берілгені мәлім. Алайда КСРО-ның ыдырауымен бұл құбылысқа назар айтарлықтай төмендеді, өйткені бұл ұғымдар көбінесе мазмұндық тұрғыдан гөрі, үгіт-насихат түрінде қарастырылды.
Этносаралық қатынастарды сипаттайтын қазіргі кездегі ұғымдардың бірі “ұлтаралық келісім” болып табылады. Қазақстандағы ұлтаралық келісімді зерттеуге ғалым Г.В.Малининнің еңбектері арналған.
Автор ұлтаралық келісімді этностардың әлеуметтік-этникалық жүріс-тұрысымен байланыс жасау түрі ретінде оның негізгі өлшемдерін бөліп қарастырып, ашық құрылымдық күйінде көруге болады деп есептейді.
Біріншіден, жалпы дүниетанымдық негіздемелердің, тарихи тағдырлардың, рухани жақындықтың болуы.
Екіншіден, басқа этникалық субъектіні түсінуден ғана емес, сондай-ақ, оның өзіне қарым-қатынас бойынша тең серіктес ретіндегі көзқарасынан тұратын толық шынайы өзара түсіністікке қол жеткізу. Өзара түсіністік барлық уақытта қайтымды, өзара екі жақты келісімді сипатта болады.
Үшіншіден, өмірдің барлық салаларында үнемі және үздіксіз өзара айырбас үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау. Келісім - ол жүйелі бейнедегі өзара әрекет пен айырбастан тұратын, негізінде субъектілердің өзіндік ерекшелігі мен бір-біріне жақындығын терең меңгеру болып жататын процесс.
Төртіншіден, өзара қарым-қатынас жасайтын этникалық субъектілер мүдделерінің сәйкес келуі үшін мүмкіндіктер іздеу.
Бесіншіден, өзара қарым-қатынас жасайтын этникалық субъектілердің өзара бағалау деңгейінің тепе-теңдігіне қол жеткізу. Бұл фактор өте маңызды болып табылады, себебі байланысқа түсуші субъекттердің мінезінде әлеуметтік-мәдени және басқа мәндерінің сәйкес келген күннің өзінде егер өзара бағалау болмаса, онда өзара түсіністік мығым болмайды. Келісімнің ең жоғары деңгейі тек әлеуметтік, саяси, идеологиялық, рухани-мәдени және сол сияқты мәндер жүйесінің сәйкес келуін ғана емес, сонымен қатар өзара ұнату және дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, құндылықтарды ұстану, бір-бірінің жүріс-тұрыс таптаурындарын құрметтеу қатынастарымен байланысты өзара бағлау деңгейін білдіреді.
Алтыншыдан, этносаралық толеранттылықтың - шыдамдылықтың қалыптасуы. Толеранттылық - мәжбүрлі емес коммуникацияның құндылығы, рухани қарым-қатынастың, қайырымдылық пен келісім аясын кеңейтуге ұмтылыс.
Аталмыш белгілер - бұл ұлттық келісімді өлшеудің өзінше бір өлшемдері, яғни өзара түсіністік пен этникалық субъектілердің байланысқа түсуге ұмтылысы әлеуметтік-этникалық жүріс-тұрыстың қалыптасуы үшін тұрақты мәнге ие шамалар болып табылады.
3. Тіл – мәдениеттің маңыды бөлшегі. Тіл адамдардың тәжірибесін әділ түрде жинақтау, сақтау және беру қызметін көрсетеді. Тіл дегеніміз – белгілі бір мәнді білдіретін белгілермен рәміздердің жүйесі.
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл- коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл- өсиет, даналық ой, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды.
Тіл - тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды.
Ұлттық мәдениеттің маңызды бір компоненті тіл болып табылады. Сондықтан тілмен толық танысу сол мәдениетті материалдық жағынан құраушы, оның тарихи, географиялық, экономикалық және басқа да детерминанттарын білуге мүмкіндік береді.
Тіл – ұлттық сана-сезімнің базалық элементі, халықтың руханилығының діңгегі, патриоттық тәрбиенің маңызды құралы.
«Экономикалық және қаржылық қор, табиғи байлықтар, жоғары технологиялар, қазіргі заманауи жабдықталған әскер - бұлардың барлығы ұлттық рухтың орнын толтыра алмайды. Егер, оларды жасаған адамдардың рухы жоғары болмаса, онда бұл айтылғандар ел үшін қызмет ете алмайды. Ал өзінің елін, халқын сезінуге, рухтануға тек тіл ғана көмектесе алады».
Тіл ұлттың рухында, мәдениетінде көрініс тауып, тікелей ұлттық өзіндік санасының, халықтың дүниетанымдық көзқарастарының, ұлттық-құндылықты бағдарларының, өмір сүруінің, ұлттық салт-дәстүрлерінің және мінез-құлық ерекшеліктерінің тұтастығында бейнеленеді. Олай болса, әр халықтың тілі сол халықтың ұлттылығын, тіл тасымалдаушы тұлға, ұлт өкілі тұрғысындағы орнын білдіретін ұғым деп танылады.
Тілде ұлттың тұтас болмысы көрініс табады, осыған байланысты тілді қолданушы әрбір адам сол мәдениетті таратушы болып саналады.
Ежелгі грек және ежелгі рим басқарушылары өз империяларының жетістіктеріне тілдің күшімен, сөздің қуатымен жеткендіктерін терең түсінген. Ұлы шығыс ойшылдары тіл – халықтың ой-санасының, жан дүниесінің айнасы деп дәйектеген. Сол себепті болашағын алыстан болжайтын әр мемлекет алдыңғы орынға туған тілді қойған.
«Ұлт-тіл-тәрбие» - бұл үш ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінен еш ажыратылмайды. Тіл ұлтпен бірге туып қалыптасатын жасампаздық, сонымен қатар ұлттық ой - сананың жемісі болып табылады.
Әр адам ұлттық салт-дәстүрлері, тілі, тарихы, әдебиеті анықталған нақты бір ұлттық мәдениеттің өкілі болып табылады. «Тіл – мәдениеттерді ғылыми тұрғыда оқып үйренуде аса маңызды деп табылатын, басқарушылық сапаға ие жол сілтеуші» [4]. Басқа халықтардың тілін оқып үйрену арқылы адам жекеленген сөздерді ғана үйреніп қоймайды, ол сонымен қатар сол халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, халық ауыз әдебиетімен, ұлттық ойындарымен де терең таныса алады.
Әлемдік мәдениеттің алуан түрлілігін ұғыну негізінде Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық патриотизм, өз халқыңа және өз ана тіліне деген елжандылық сезім қалыптасады.
Ұлттық тілдің әлемдік бейнесін зерттеу ұлт мәдениеттерінің айырмашылығы мен ұқсастығын, оардың өзара әрекеттестігін түсінуге тануға көмектеседі. Біздің ойымызша, тілдің әлемдік бейнесін ұлттық тіл тұрғысынан сипаттауда В.А. Маслованың тұжырымдары тілге берілген нақты анықтама деп саналады. Оның пайымдауында «тілдің әлемдік бейнесі» термині – бұл шындығында адамдардың нақты бір қауымдастығының іс-әрекетінде оның қоғамдық-тарихи тәжірибесі белгіленген және сол халықтың ұлттық мәдениеті көрініс тапқан метафоралық бейнелеу»,-деп зерделенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |