Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет4/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар

1. Адамдарды қалыптастыру қызметі. Бұл – мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. “Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті” (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли – көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет