Біріншіден, саналы түрде мәдени құндылықтар жүйесіндегі приоритетерін өзгерту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Соңғы уақытқа дейін техниканың мәдени-әлеуметтік мәні “техника-адам”, ал экологиялық мәні – “техника-табиғат” жүйелерінде жасырын болды. Ерекше назар аударатын нәрсе, техникалық экологиялық және мәдени-әлеуметтік мәні әлемдік кеңістіктің күрделі жүйесіндегі бөлшектенген бөліктерінде емес, техникада, адам мен табиғатта өздерінен көп әлемдік универсумның біртұтас жүйесінің бөлігі болып табылады.
Техногендікті шешетін келесі маңызды шарт техниканың өлшемдері мен бағалау принциптерін алмастыру, экономикалық эффективтілікпен бірге мәдени-әлеуметтік, адамилық өлшемдерді енгізу. Фрагментарлық белгілер емес, жүйелік интегративтік бағалар қажет.
Бұл мақсаттың күрделілігі, мұндай бағалау-пәнаралық аумақта жатыр. Бірақ, кез-келген мәселелерді шешудегі бұл сананалылық пен жауапкершілік адамдарды нәтижелері туралы алдын-ала ескертуге, альтернативті модельдерді жасауға мүмкіндік береді.
Техниканы бағалау жүйесінің жетілдіруі бүгін жеке топтық мүдделерді жалпы адамзаттыққа алмасумен байланысты, ал бұл техникалық іс-әрекеттің әлеуметтік және мәдени нәтижелерін алдын ала болжауға, адам үшін негативті нәтижелерін жою жолы табылғанға дейін, техниканың дамуына шек қою.
Келесі, дағдарысты шешудің маңызды шарты болып инженерлік ойлаудағы революциялық өзгерістер, олар ХІХ мен ХХ ғасырларда қалыптасқан.
Инженерлік ойлау мен іс-әрекеттің логикасының өзі мұндай революция алдымыздағы жүз жылдықта болады деп болжам айтуға негіз болады. Бірінші кезеңде техникалық жүйелердің әсер ету принциптерінің “антологиялық” табиғатын түсіну болып табылады. Инженерияның мәні, өнертапқыштық таланты мен ойының тәуелсіздігі (кейде интуитивті, практикалық тұрғыдан), осы механизмдерді тауып, ашу. Ал олар тарихи емес сипатта деп есептегендіктен, олар техникалық объектінің табиғатына тән деп есептегендіктен, инженердің мақсаты оның осы табиғатын ашу.
Инженерияның дамуының екінші кезеңін шартты түрде логикалық-гносеологиялық (gnosis (греч) – таным ) деп атауға болады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі инженерияның мәні танымдық, ақыл, ой-сана іс әрекетімен байланысты. Олай болғанда, техникалық объектілер қандай әдіс-тәсілдер жасалынады және пайдаланылады. Сөзге орай, қазіргі инженерлік білім алу жүйесі осы принципке негізделген. Инженерлік ойдың негізгі бағдары техникалық әффективтілік болып табылады, ал бұл техниканы адам іс-әрекетінің мақсаты мен негізгі мазмұнына айналдырады. “Техника көп, ал рух жоқ” (Б. Пастернак) болып табылады.
Үшінші кезең техниканы мәдени-әлеуметтік тұрғыдан пайымдау, техниканы адам болмысының шарты тұрғысынан қарастырылады.
Инженерияның мәдени-әлеуметтік парадигмасы технологиялық жақын мақсаттарға емес, жалпы адамзат үшін маңызды алыс тарихи нәтижелерін, адам жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ол көпөлшемділікке негізделген техниканы бақылаудың жаңа принциптерін және “техникалық жүйе-адам-қоршаған орта” деген ауқымды жүйенің техникалық жобасын жасаудың жаңа принциптерін қалыптастырады, бұнда үш компоненті де тепе-тең, онда адаммен де күштеу арқылы эксперемент жасау, техникалық объектілермен манипуляция жасау немесе ешбір жауапкершіліксіз қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерге қарауға жол берілмейді.
Техниканың болашақта дамуының мәні және мағынасы адамзаттың аман қалуына негіз болатын проектілік стратегиялар мен бақылайтын жүйелерді жасау.
Лекция 6. АДАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Жоспар:
1.Адам мәдениеттің субъектісі ретінде.
2. Мәдениет адамзат дамуының негізгі өзегі.
3. Мәдениеттің адам әлемі ретіндегі ерекшеліктері.
4. Руханилық және адам әлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |