Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Уақытша және тұрақты айырмашылықтар. Уақытша айырмашылықтардың салықтық әсері



бет51/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

4.Уақытша және тұрақты айырмашылықтар. Уақытша айырмашылықтардың салықтық әсері.

Бухгалтерлiк және салық есебi арасындағы мәлiметтердiң теңдiгiн сақтау оңай шара емес, өйткенi оларлың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Тұрақты айырмашылықтар – бұл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын және бұдан кейiнгi есептi кезеңде жойылмайтын салық салынатын және бухгалтерлiк табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Уақытша айырма бухгалтерлiк табысты есептеген кезде кейбiр табыс пен шығыс баптарының бiр бөлiгi бiр есептiк кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептiк кезеңде есептелiнедi. Сондықтан бiрiнде болған айырма, екiншiде жойылады. Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң есеп саясатына бухгалтерлiк есептiң де, салық есебiнiң де енгiзген өзгерiстерiнiң (түзетiлерiнiң) салдарынан болуы мүмкiн. Бұл арада тұрақты айырманың келесi есептiк кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңiл түрде табуға болады, егер де тиесiлi бухгалтерлiк регистрiне салықтық есеп қағидасының зерттеулерiн жүргiзсе. Уақытша айырма сомасынан салықтық эффектiнi бухгалтерлiк есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектiсi төлеуге жататын немесе кейiнге қалдырылатын төлем болып саналады.

Халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған пiкiр бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшiн жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңiне қарап, тиесiлi пайда болған табыстармен бiрге танылады.

Есептiк кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектiсi 4310 “Кейiнге қалдырылған табыс салығы” шотында көрiнiс табады.

Салықтық төлем мiндеттемесiнiң әдiсiне сәйкес, олар кезең барысында, өзiне мынаны енгiзедi:


  • салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етiп тұрған заңға сәйкес есептелiнедi, оның деңгейi былайша анықталады:

Бухгалтерлiк + Тұрақты + Уақытша

табыс - айырмасы - айырмасы



  • уақытша айырмасының салықтық эффектiсi сол есептiк кезеңде не төленедi, не жойылады, оның мөлшерiн ағымдағы кезеңнiң салықтық мөлшерлемесi бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан анықтайды. Егер де келесi жылға корпоративтiк табыс салығының мөлшерлемесi өзгеретiн болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесi бойынша алынады.

  • Кейiнге қалдырылған салықтарды осы есептiк кезеңге сәйкес келетiндей етiп түзетедi. Түзету сомасы 7710 шотта көрiнiс табады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет