Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі



бет52/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
5. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі.

Жинақ зейнеткерлiк қорға төленетiн мiндеттi зейнеткерлiк жарнасының есебi.

Зейнеткерлiк жарнасы келесi мөлшерлеме бойынша есептелiнiп және ұсталынып отырады:


  • егер заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар және нотариустер, жалданушы еңбеккерлердiң еңбегiн пайдаланса, онда сол еңбеккерлердiң табысынан 10 процент деңгейiнде ай сайын мiндеттi зейнеткерлiк жарнасына аударады;

  • жеке кәсiпкерлер өздерi ұшiн салық салынатын табысынан 10 процент деңгейiнде аударады;

  • адвокаттар, жеке нотариустер өздерi үшiн Салық кодексiне сәйкес анықталған табысынан 10 процент деңгейiнде аударады.

Жинақ зейнеткерлiк қорға аударылған ақшаға банк заңды тұлғаға үш дана, жеке тұлғаға екi дана төлем тапсырмаларын ұсынады. Оның бiрiншi данасы банкте, қалған екеуi төлеушiде қалады.

Егер де заңды тұлға төлеушi ретiнде жойылса, ондағы зейнеткерлiк жарна туралы құжаттар мiндеттi түрде Мемлекеттiк мұрағатқа берiледi.

Жинақ зейнеткерлiк қорға төленген мiндеттi зейнеткерлiк жарна 3220 “Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер” шотында жүргiзiледi. Мiндеттi зейнеткерлiк жарна ұсталған кезде 3350 шот дебеттелiп, 3220 шот кредиттеледi. Ал аударған кезде 3220 шот дебеттелiп, 1040 шот кредиттеледi.

6.Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; жал бойынша; төленуге тиісті сыйақылар бойынша.

Жабдықтаушылармен және мердiгерлермен есеп айырысу. Кәсiпорын өз өндiрiсiнiң тиiмдi және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн өзiнiң материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндiрiске қажет қорларын құрайды. Кәсiпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларына сәйкес жүргiзiледi. Кәсiпорын өзiнiң ұдайы өндiрiсiн қамтамасыз ету үшiн өнiм шығарушы кәсiпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келiсiм-шартқа отырады.

Кәсiпорын жабдықтаушылармен мердiгерлермен есеп айырысу үшiн 3310 “Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек” және 4110 “Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін ұзақа мерзімді берешек” шоттары пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейiне және нысандарына (алдын-ала төлем ақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшiн есеп айырысу жүргiзiледi. 3310,4110 шоттарының кредитi бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебетi бойынша – есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитiнен олардың төлемақысы жазылады.

Өнiм жеткiзушiлермен есеп айырысулар есебi арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тiзiмдемеде әр бiр шот-фактурасы немесе төлем талап-тапсырмалары бойынша жүргiзiледi, ал бұл өз кезегiнде әр бiр құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкiндiк бередi.

Кiрiс құжаттары мұқият тексерiлуi және төлем талап-тапсырмаларындағы материалдық құндалақтар санына сәйкес келуi тиiс. Егер жүктердi қабылдау кезiнде жабдықтаушының немесе көлiк ұйымының кiнәсiнен құндылықтардың жетiспейтiнi немесе бұзылуы анықталса, актiнiң негiзiнде талап сомасын 3310 шоттың кредитiнен 1250 шоттың дебетiне есептен шығарады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысулардың есебi жөнiндегi журналда ай аяғында 3310,41101 шоттары бойынша талданған қалдықтар көрсетiледi. Талдама есептiң құрылымы негiзiнде жабдықтаушылармен және мердiгерлермен есеп айырысу жөнiндегi қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшiн және есеп айырысуын жедел бақылау үшiн мына төмендегi топтардан қалыптасады; атап айтсақ: төлеу мерзiмi келмеген есеп айырысулар жөнiндегi жабдықтаушылардың құжаттарынан, мерзiмi келмеген есеп айырысулар жөнiндегi жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған калған жабдықтардан; мерзiмiнде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет