Лекция. КӨркем сюжет пен оның ҚҰрамдас белгӏлерӏ. КӨркем шығарманың композициясы және оның элементтерӏ



бет2/8
Дата12.04.2022
өлшемі28,07 Kb.
#139028
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТЕОРИЯ ЛЕК4-1

Конфликт және сюжет.
Конфликт –(латынша тартыс, керiсу) көркем шығармада қатынасушы адамдар ортасындағы бетпе-бет күрес яғни кейiпкердiң өзiн қоршаған ортасы, өзiмен өзiнiң рухани жақтан тартысуы, алысуы.. Конфликт – сюжеттi әрекетке әкелушi негiзгi күш.
Егер де сюжеттi автомобиль деп санасақ, конфликт оның двигателi, сюжет –сыртқы көрiнiс болса, конфликт оның iшкi ағысы. Жазушы көркем сюжет арқылы белгiлi бiр дәуiрдiң конфликтiлерiн бейнелейдi, оларға өз қатынасын бiлдiредi, кейiпкерлер характерiн ашады, эстетикалық идеалды насихаттайды.
Әр жазушы өз халқы, өз табы үшiн мәнге ие болған белгiгi дәуiрдiң өткiр қайшылықтарын суреттеуге ұмтылады. Мысалы С.Мұқанов “Ботакөз” романында қазақ еңбекшi бұқарасының зұлымдыққа қарсы жаппай күреске аттанысын көрсеткен, оған қазақ еңбекшi табы көзқарасы тұрғысынан қараған. Бұл шығармада кейiпкерлер характерi мiне, осы күрес процесiнде ашылған, шыңдалған. Бұдан тыс, шығарманың идеясы да осы күрес үстiнде, жарқын, әсерлi, эмоциональды тәрiзде ашылады.
Өмiрдегi қайшылықтар мен көркем шығармадағы конфликтiлердi бiр-бiрiне теңестiру, әсiресе, бiр нәрсе деп қарауға болмайды. Өмiрдегi конфликт -әлеуметтiк оқиға, ал шығарма сюжетiнiң конфликтi – эстетикалық оқиға. Көркем конфликт әлеуметтiк конфликт негiзiнде жаратылса да, олар бiр-бiрлерiнен ажыралып тұрады. Көркем конфликт – жазушының өмiрдегi қайшылықтарды қайтадан iстеген, эстетикалық идеал рухымен қандырылған формасы. Көркем творчествода конфликт өнер заңдылықтарына толық бағынған түрде көрiнiс табады.
Өнер туындысында конфликт болуы шарт, бiрақ оның көрiнiстерi әралуан болуы яғни бiрде “өмiрдiң өзiндей” немесе “күрестiң суретi, елесi” тәрiзде болуы ықтымал. Көркем конфликт шығарманың жанрлық ерекшелiктерiне, автордың мақсаты мен стилiне қарап түрлiше көрiнiсте көрiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет