Лекция. КӨркем сюжет пен оның ҚҰрамдас белгӏлерӏ. КӨркем шығарманың композициясы және оның элементтерӏ



бет5/8
Дата12.04.2022
өлшемі28,07 Kb.
#139028
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТЕОРИЯ ЛЕК4-1

Композиция (құрылыс) – көркем шығарманың барлық түрiне бiрдей қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады.
Бiз жоғарыда эпикалық шығармадағы оқиғалардың белгiлi бiр тәртiппен дамуы, кейiпкерлердiң сол оқиғаны дамыту жолында алатын орны, атқаратын iстерi бiр тұтас болып шығуы композицияға жатады десек, лирикалық шығармаларда оқиға жоқ. Сондықтан олар сюжетсiз шығармалардың тобына жатады. Бiрақ лирикалық өлеңдердiң де өзiнше композициясы болады.
Лирикалық жанрға жататын өлеңдердiң өзi сан алуан болса, олардың формалары да сондай болуы мүмкiн. Демек, бұл лирикалық өлеңдердiң композициялық ерекшелiктерi саналады.
Әрине, көркем шығармалардың құрылысы тек түрге ғана байланысты мәселе емес, мазмұн, идеяға байланысты мәселе. Шығармаларда суреттелетiн оқиғалар, олардың бөлшектерiн, адамдардың iс-амалдарын жiгiн таптырмастай шебер қиюластыру жазушының дарындылығымен байланысты болса, қандай сюжет алу және оқиғаға қатысушылардың қайсысын қалай көрсету жазушының өмiрге көзқарасы, шығарманың идеясымен байланысты. Бұл – тек сюжеттi шығармаларға ғана емес, сюжетсiз лирикалық өлеңдерге де тән қәсиет.
Портрет. Портрет – қатысушылардың кескiнiн, келбетiн, пiшiнiн, тұлғасын суреттеу. Мысалы, М.Әуезовтiң “Шатқалаң” деген әңгiмесiнде Айшаның келбетi былай суреттелiнедi:
“Айша ақырын күлiп қояды. Бұл орта бойлы, толық еттi, жұмыр, тұтас бiткен қайратты әйел едi. Денесi – жұмысқа пiскен, сом дене. Бұл пiшiнi де ерекшелеу келген, кесектеу пiшiлген қалпымен айрықша саналы, өзiнше сұлу бiткен пiшiн. Ақшыл сұрғылт бетiнде күнге күйгендiктен араласқан жұқалау қызғылт бар. Әдемi қара көздерi мейрiмдi, ойлы көз сияқты. Әсiресе, биiктеу келген, түзу бiткен мұрны мұның дөңгелек жүзiне жарастығын, келiсiмiн толықтырып тұрған тәрiздi …”
Осы үзiндiнiң өзiнен-ақ Айшаның қандай адам екенiн, оны автор қай жағынан алып көрсетпек екенi мәлiм. Айшаның сыртқы суретiнiң өзiнен-ақ өте мейiрiмдi, саналы, қарауға да көрiктi және еңбекте шыныққан, қолынан iс келетiн адам екендiгi көрiнедi.

. Жазушы Айшаның портретiн бергенде, оқушылары оны ұнатқандай, оған сүйсiнгендей етiп суреттеген.


Махамбет Исатайды:
Садағына сары жебенi салдырған,
Садағының кiрiсiн,
Сары алтынға малдырған.
Тереңнен көзiн ойдырған,
Сұр жебелi оғына,
Тауықтың жүнiн қойдырған,
Маңдайын сары сусар бөрiк басқан,
Жауырынына күшiген жүндi оқ шанышқан, -деп, портретiн осылай бередi. Махамбеттiң Исатай портретiн бұлай жасауы да оның негiзгi мақсатымен ұштасып жатыр. Исатай образы – ұнамды образ. Ендеше оның портретiн де оқушы сүйсiнiп оқығандай, “па шiркiн, өзi де жiгiт екен!” дегендей етiп суреттейдi. Сонымен қатар, ақынның өзi оны аса сүйгендiгi де анық көрiнедi.
Жазушы қаһарманның портретiн кейде кең түрде бiр жерде тоқтап суреттейдi. Кейде қаһарманының амалын, басында болған күйiнiш-сүйiнiшiн жазып отырып бiртiндеп, портреттiң әр бөлшегiн әр жерде көрсету әдiсiмен жасайды.
Портрет (французша -portrait) деген термин әдебиеттегi портрет пен живописьтегi портреттi салыстыруды керек етедi. Шынында, әдебиетте адамның не басқа нәрсенiң келбетiне кең тоқталып, суретiн бұлжытпай қойған портреттер көп (мысалы, “Аттың сыны”, “Қыз сыны” - Абай). Бiрақ әдебиеттегi портрет пен живописьтегi портреттiң үлкен айырмасы бар.
Мiнездеу. Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретiмен қатар iшкi портретiн - мiнезiн, құлқын, наным-сенiмiн, дүниеге көзқарасын –суреттейдi. Әдебиетте мұны мiнездеу дейдi.
Адам образын жасауда мiнездеу айрықша орын алады. Өйткенi әдеби образдың ерекше көзге түсуi де, мәңгiлiк есте қалуы да адам мiнездерiнiң шебер жасалуымен байланысты. Сонымен қатар, шығармада әдеби мiнез жеке адамға тән сипат етiп суреттелсе де, ол сандаған мiнездердiң жиынтығы және кейiпкердiң өз ортасына тән, сол жағдайға лайықты, әбден екшелiп алынған мiнездердiң жиынтығы.
Қай жағынан болсын, өте әдемi, шебер жасалған мiнездеудiң классикалық тамаша үлгiсi деп, Абайдың “Онегиннiң сипаты” атты А.С.Пушкиннен аудармасын алуға болады.
Жасынан түсiн билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе бiлдiрмеген,
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсiнде бiр кәдiк жоқ алдар деген.
Кейде паң, кейде көңгiш орныменен,
Кейде елеусiз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Ғашықтық сөзге жүйрiк, әсiресе,
Дем алысым, құмарым бiр сен десе!
Жанын құрбан жолыңа еткен жансып,
Көз қарауы құбылар әлденеше.
Кейде ұялшақ, төменшiк, кейде тiп-тiк,
Қамыққансып, қайғырар орны келсе.
Жай ғана кiсi болып түк бiлмеген,
Қалжыңын бiлдiртпейдi қалай деген.
Жаның шошыр, өрлiгi жаннан бөлек,
Кiсiге балдан тәттi орны келген.
Өлеңдi оқып шыққанда, Онегиннiң мiнез-құлқы түп-түгел көз алдыңда тұрады. Оның мiнезiнiң сан алуан жағы бар. Ол кейде паң, кейде көнгiш, кейде өр, кейде ұялшақ, кейде жылы жүздi, сонымен қатар ол- түсiн бермейтiн, сырын iшiне берiк сақтайтын адам.
М.О.Әуезовтың “Абай” романының бiр жерiнде Абай Байдалыға келiп, Байдалының Қаршығалы, Қопа деген қоныстарына «Сүгiр мен Сүйiндiк ауылдары қоса қонсын, бiрге жайласын!» -деген Құнанбай бұйрығын айтады. Әр iске шапшаң, батыл айтып, батыл кiрiсетiн Байдалының өзiне тән мiнезiн жазушы сөз арасында ғана көрсетiп өтедi.
«Байдалы кiрпiк қақпай, шұғыл ойланып үнсiз отырып, ақырында:
- Құп болсын! Қонсын Сүгiр мен Сүйiндiк, не деушi едiм! – дедi. Қайратты, шапшаң, ер адамның байлауы сияқты. Езбедi. Жақтырмаса да, күйiп отырса да, амалсыз байлауын бiр-ақ кесiп, бiр ақ түйдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет