Лекция. КӨркем сюжет пен оның ҚҰрамдас белгӏлерӏ. КӨркем шығарманың композициясы және оның элементтерӏ



бет7/8
Дата12.04.2022
өлшемі28,07 Kb.
#139028
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТЕОРИЯ ЛЕК4-1

Жанама мiнездеуқатысушының өзiн емес, оның айналасын суреттейдi. Яғни қандай нәрсенi жақсы көредi, қалай киiнедi, оның үйiндегi заттарды т.б. Бiрақ жазушы менiң кейiпкерлерiм мынаны ұнатады, ананы ұнатпайды, оның мынандай себептерi бар деп түсiндiрiп жатпайды. Ол туралы кейiпкерлер де сөз қатпайды. Тек барды бар күйiнше ғана көрсетiп отырған тәрiздi әсер қалдырады.
Мысалы, «Өлi жандардың» бiр жерiнде:
«Чичиков бөлменiң iшiн көзiмен шолып өтiп: «Бөлмеңiз бiр түрлi сүйкiмдi екен ғой», -дедi. Дұрысында, бөлме сүйкiмдi емес едi, қабырғалары күкiрт түстес, көк шулан бояумен сырланған; бөлмеде төрт орындық, бiр кресло, стол, оның үстiнде ортасынан бүктелген белгiсi бар, жоғарыда айтылған кiтап және бiрнеше тарақ жазулы қағаз жатыр. Бiрақ стол үстiндегi ең көп нәрсе темекi едi. Оның iшiнде картузға салынғаны да, темекi дорбаға салынғаны да, ең ақыры, столдың үстiнде шошайтып жай үйе салғаны да, не керек, темекiнiң неше түрлерi бар едi», - дейдi.
Бұл үзiндiде Маниловтың өзi туралы бiр ауыз сөз жоқ. Әңгiме оның бөлмесi, бөлменiң сыры, ондағы заттар туралы. Жазушы Маниловтың өзi жайлы еш нәрсе айтпаса да, оған тiкелей қатысы бар нәрселердi өз қалпында суреттеу арқылы оның қандай адам екенiн аңғартады.
Көркем шығарманың құрылысын талдағанда, мақсат тек байланысын, дәлелдеуiн, шарықтау шегi, шешуiн немесе образдың жасалу жолдарын, пейзаж, баяндауларын танып, бiлу ғана емес, әрине, олар да керек. Бiрақ негiзгi мәселе солардың өзара қалай қиюласып, бiр бүтiн нәрсе болып, жiгiн байқатпауларының заңдылығын, жазушының шеберлiгiн ашу және бәрi жиналып шығарманың идеялық мазмұнын оқушыларға жеткiзу үшiн қолданылатындығын түсiну болу керек.
Көркем шығармадағы сюжет, портрет, қатысушы адамдардың сөздерi, пейзаж, затты суреттеу тағы басқалардың бәрi бiр-бiрiмен байланысты. Осылардың барлығы келiп бiр бүтiн нәрсе туғызады. Бұлардың барлығы да, автордың өмiрдi қалай түсiнiп, қалай тануына қарай, оның бiр құбылысын суреттеу үшiн пайдаланады. Автор көркем шығарманың барлық бөлiмдерiн алғанда, оларды қиюластырғанда, өзiнiң көздеген бағытына қарай бағыт сiлтеп, оқушыға әсер ететiн бiр-бiрiмен байланысты, мақсатты сурет жасауға тырысады. Сол мақсатпен алады. Шығарманың түрлi бөлiмдерiн таңдап алып, оларды қиюластырып және байланыстыруын шығарманың композициясы дейдi.
Көркем шығармаларда суреттеу мен баяндаудан басқа, автордың өз талқылауы үшiн лирикалық шегiнiстер болуы мүмкiн. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шығарманың жалпы замысылымен байланысты болады деп бiз жоғарыда айтқанбыз.
Қорытындымызда шығарманы тақырып жағынан және композиция жағынан қалай тексерудiң үлгiсiн көрсетiп кетелiк.
1. Шығармада қандай құбылыс, қай көлемде алынып суреттелген?. Тереңiрек алғанда шығарманың тақырыбы не, оның iшiнен автордың ең бiрiншi орынға қоятыны не нәрсе?
2. Тақырып қай ретте (юмор, сатира т.б.) көрсетiлген?
3. Образдар қандай топтарға бөлiнедi, бұл топқа бөлудiң идеялық мазмұны не?
4. Жеке образдар қалай суреттелген?
5. Ол образды суреттеу үшiн қандай әдiс қолданған: портрет пе, мiнездеу ме, күйiнiш- сүйiнiшiн суреттеу ме, қатысушының сөзi арқылы ма, тағы басқа жолдар арқылы ма?
6. Шығармадағы оқиғаны қалай жалғастырады, оқиғаны бұлай дамытудың идеялық мазмұны не?
7. Оқиғаны баяндаудағы, бiр-бiрiмен жалғастырудағы өзгешелiктер не?
8. Негiзгi оқиғаның өсуiн толықтыру үшiн кiргiзiлген эпизод не эпизодтық қаһармандар бар ма, болса, олардың керектiгi қандай?
9. Автор жазып келе жатып, басқа, сол оқиғаға тiкелей қатысы жақ нәрсенi суреттей ме, оның ерекшелiгi қандай?
10. Пейзаж, оның оқиғадағы адамдармен, қатысушылармен байланысы және идеялық мазмұны?
11. Әңгiме кiм арқылы айтылған, оның қандай мәнi бар?
12. Оқиғаны айтып берудiң түрi және мәнi қандай?
Бұл арада шығарманың тақырыбы мен композиция құрылысын тексерудiң негiзгi, ең керектi жақтары ғана айтылды. Бiрақ шығармадағы әр түрлi пункттердiң қиюласу түрi әр басқа, өйткенi шығармада түр мен мазмұнның авторға ең керектi жақтары әр түрлi болуы мүмкiн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет